Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет236/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Әсер ету механизмі
. Инсулиннің әсер ету механизмі күрделі. 
Ең негізгі механизмі ІІІ-мембрана механизмі.
Инсулиннің рецепторлары клетка мембранасының сыртқы 
бетінде орналасқан. Оның құрамында міндетті түрде сиял қышқылы 
болуы қажет. Бұл қышқыл гормон мен рецептор байланысқанда 
үлкен рөл атқарады. Мембрана липопротеидтермен байланысады 
және олардың конформациясын өзгертеді деп есептеледі. 
Тіндердерде инсулинге сезімтал рецепторлардың саны өте жоғары 
(50000). 
Инсулин рецепторларымен байланысқан кезде мембрананың 
құрылысы өзгеріп, каналдар ашылады, бірқатар заттардың: глюкоза, 
БМҚ, пурин, пиримидиндік негіздері, амин қышқылдары
нуклеотидтер, 
иондар.т.б. мембранадан өткізгіштігі артады:

Нысана клеткалары - 
жүйке тіндерінен басқа органдардың 
барлығында инсулиннің рецепторлары бар, ал байланысқан 
рецептор тек, май тіндерінде ғана болады..
 
Физиологиялық әсері - 
инсулин анаболикалық гормон, яғни 
организмде синтезделу процесін күшейеді. Зат алмасудың барлық 
түріне әсерін тигізеді. 
Белоктардың алмасуына тигізетін әсері
мембрана 
өткізгіштігінің ұлғаюына байланысты клеткаларда нуклеотидтер мен 
амин 
қышқылдарының 
концентрациясы 
жоғарылайды.
Транскрипцияның артуы белок биосинтезін күшейтеді.
Клеткада белок синтезіне қажет амин қышқылдары жеткілікті 
болады. Осы реакцияға қажетті энергия глюкозаның тотығуынан 


324 
алынады. Глюкозаның гликолитикалық жолмен тотығуы кезінде 
бөлінген энергия АТФ-тің синтезіне жұмсалады.
Амин қышқылдары
жеткілікті болған кезде белоктардың 
ыдырауы шұғыл төмендейді, дезаминдену процесі азаяды, 
сондықтан амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының түзілуі 
төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет