Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет244/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Нысана клеткалары
– терінің клеткалары, бауыр, майлы, 
лимфатикалық, дәнекер
және қаңқа бұлшық ет тіндері, көк бауыр, 
тимустың клеткалары. 
Физиологиялық әсері – 
ГКС катаболикалық гормондар болып 
табылады. Олардың әсерінен нысана клеткаларында трансаминаза 
және амин қышқылдары оксидазаларының синтезі күшейеді. 
Нәтижесінде 
белоктардың 
ыдырауы 
жоғарылап 
(көбіне 
бұлшықетте), қанда амин қышқылының және азоттың саны артады 
Бауырда амин қышқылдары көбейген соң (бұлшықеттен 
келеді), олардың біршамасы белоктың синтезіне жұмсалады, 
нәтижесінде бауырдың салмағы артады. Амин қышқылдарының 
қалған мөлшері дезаминденеді, түзілген азотсыз қалдықтары 
глюконеогенезге жұмсалады. Дезаминдену реакциясы кезінде 
түзілген аммиак бауырда
 
мочевинаның синтезіне жұмсалады.
Осы реакция дене салмағын азайтып, организмнің өсуін тежейді. 
Май тіндерінде липолиз күшейіп, қандағы БМҚ-ның санын 
арттырады. Олар көп мөлшерде бауырға түсіп, тотығу 
реакцияларының жүруін қамтамасыз етеді, сондықтан глюкозаның 
бір бөлігі гликогенге айналып, қор түзеді, бірақ гликогеногенездің 
жылдамдығы глюконеогенездің жылдамдығынан аз болғандықтан, 
глюкоза қанға түсіп, гипергликемияға, сосын глюкозурияға әкеледі.
Қандағы глюкозаның мөлшері 8-8,8 мм/л ұшырайды.
Глицерин 
глюконеогенезге 
жұмсалады. 
Бауырда 
ГКС 
гликогенсинтетазаның көбейсе яғни бүйрек табалдырығынан 
асқанда глюкозурия пайда болады. 
Бауырда ГКС гликогенсинтетаза көбейгенде яғни бүйрек 
табалдырығынан асқанда глюкозурия пайда болады.
Бүйрек клеткалары бірінші реттік зәрден глюкозаның тек қана 
белгілі бір мөлшерін 8-10 мм/л қанға қайта сіңіре алады. 
Глюкозаның осы мөлшері бүйрек табалдырығы деп есептеледі.
Гипергликемияға ұшыраудың екінші себебі – ГКС клетка және 
органоидтар 
мембранасының 
өткізгіштігін 
төмендетеді 
(гиалуронидазаның активтілігін азайтады, сондықтан қаннан 
глюкоза ешқандай клеткаларға (мидан басқа) өте алмайды.
Қанда глюкозаның жиналуы мидың қоректенуіне жағдай 
жасайды. Ми тіндерінде глюкоза энергия көзі ретінде және 
ацетилхолиннің синтезіне пайдаланылады. 


333 
Сонымен қатар тотығу нәтижесінде түзілген АСҚ кетон 
денелерінің синтезіне жұмсалады. 
ГКС қабыну және аллергия ауруларын емдеу үшін қолданылады, 
себебі бұл гормондар фибробласттардың активтілігін және өсуін 
төмендетеді, коллагеннің синтезі бұзылады, дәнекер тіні дұрыс 
дамымайды, лимфа тіндері, көк бауыр және тимустың салмағы 
азаяды, себебі олардың белоктары ыдырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет