Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет242/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1
21-24 мат ондеу, 2 тест, 2, 2сын, матем, казак т 2кл, байланыстар, bioorganic-chemistry-p2-M, psikh detskogo vozrasta, Қоғам және мәдениет (копия)
Физиологиялық әсері
– А, 

- R- мен әрекеттесіп, цАМФ-тың 
түзілуін қамтамасыз етеді, нәтижесінде фосфорилаза активтеніп 
модификациялану арқылы гликогеннің ыдырауын катализдейді. Бұл 
процесс көбінесе бауырда жүреді. 
Түзілген глюкозо-6-фосфат фосфатаза ферменті арқылы 
фосфорсызданып глюкозаға айналады , бауырдан шығып қанға 
түседі, осылайша гипергликемияның пайда болуын қамтамасыз 
етеді, қан арқылы ми, бұлшық ет, жүрекке түседі. 
Барлық органдарда глюкоза соңғы өнімге дейін тотығады. 
ҮКҚЦ, БТ, ТФ процесстері барысында бөлінген энергиядан АТФ 
синтезделеді. АТФ-тың көбеюі липидтердің ыдырауынан түзіледі. 
Май тіндерінде және басқа органдарда липолиз күшейеді де, 
түзілген БМҚ қан арқылы бауырға келіп, басым мөлшері 

-тотығуға 
ұшырайды, АСҚ түзеді. Олардан кетон денелері синтезделіп қанға 
түседі, Қанмен басқа тіндерде жетіп, энергиялық субстрат ретінде 
жұмсалады. Сондықтан А мен НА әсерінен жүрек және бұлшық етте 
энергиялық субстраттар көбейген соң, олар БТ процесіне түсіп, 
энергияны бөліп шығарады, атап кеткен тіндердің жұмыс атқару 
қабілеті ұлғаяды. [31]. 
А мен НА ми, жүрек бұлшық етті мүмкіндігінше оңай 
жұмсалатын энергиялық өніммен қамтамасыз етеді. Стресс кезінде 
А көп мөлшерде бөлініп шығады. 
Сондықтан А-ді калоригенді (көп мөлшерде энергия 
бөліндіретін) жүректің жұмысын жақсартатын, катаболикалық әсері 
бар гормон деп санайды. Жүрек бұлшық еттерінің жұмысы 
күшейеді, жүректің жиырылу күші мен жиілігі жақсарады. 
Адреналин апат (авариялық) гормоны, ойламаған жерде 
кездесетін қиыншылық жағдайларда организм барлық күшін 


331 
күресуге, төзімділік көрсетуге, барлық органдардың қызметін 
жоғары дәрежеде ұйымдастыруға жұмсайды. 
Бұлшық етте жүретін гликолиз күшейіп, лактат көп түзіледі, 
олар бауырда гликонеогенезге жұмсалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет