Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Ұйқы безінің гиперфункциясы



Pdf көрінісі
бет239/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Ұйқы безінің гиперфункциясы
сирек кездеседі, безде 
залалсыз ісік болғанда немесе инсулиннің дозасын жоғарылатқанда, 
гиперфункцияға ұқсас жағдай пайда болады, бұның белгілері: 
гипогликемия, әлсіздік, тершеңдік, естен танып қалу, көздің көру 
қабілетінің нашарлауы. Бұл жағдайды емдеу үшін венаға глюкозаны 
енгізу немесе контринсулярлы гормондарды пайдаланады. 
Гипофункциясы - 
қант диабеті ауруы пайда болуымен 
сипатталады.
 
Пайда болу механизміне қарай қант диабеті инсулинге 
тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып екі түрге бөлінеді. [8]. 
Қант диабетінің инсулинге тәуелді түрі гормонның секрециясы 
жетіспегенде немесе әр түрлі жағдайға байланысты инсулин 
түзілмегенде байқалады. Инсулинге тәуелсіз түрі – нысана 
клеткалардың инсулинге сезімталдығы өте төмендегенде пайда 
болады. Қант диабетінің екі түрінде де, зат алмасуы бірдей өзгеріске 
ұшырайды. Қант диабеті байқалатын белгілеріне қарай семіз 
(майлы) қанда бос инсулин жоқ кезінде байланысқан инсулин 
жеткілікті болғанда орын алады және нағыз (арық) қант диабеті 
қанда гормонның екі түрі де жоқ болғанда байқалады. 
Бұл өзгерістер тек қант диабеті ауруы кезінде жүретін 
биохимиялық процестердің өзгеріске ұшырауы, тек инсулиннің 


327 
жоқтығынан емес, сонымен қатар контринсулярлы гормондардың 
әсері күшейіп кеткен кезде де пайда болады.
Контринсулярлы гормондарға катехоламиндер (КХ), ГКС, 
глюкагон (Г), СТГ жатады. Қант диабеті ауруы кезінде 
гипергликемия, глюкозурия пайда болады: 
1. Инсулин жоқ кезінде клетка мембранасының өткізгіштігі 
төмендейді, сондықтан глюкоза клеткаға түспей, қанда жиналады. 
2. СТГ бұлшық етте глюкозаның тотығуын тежейді. 
3. Контринсулярлы гормондардың әсерінен май тіндерінде 
липолиз күшейеді, БМҚ бауырға түсіп, глюкозаның өтуіне кедергі 
жасайды. 
4. 
Контринсулярлы гормондар гликогеннің фосфоролизін 
арттырады. Глюкоза көп мөлшерде түзіліп қанға түседі. 
5. 
ТАГ-дың ыдырауынан түзілген глицериннен глюкоза 
синтезделеді. 
6. 
ГКС 
глюконеогенезге 
амин 
қышқылдары 
азотсыз 
қалдықтарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Сонымен гипергликемия глюкоза жұмсалуы азайғанда, амин 
қышқылдары және глюкоза синтезі артқанда пайда болады. 
Гипергликемия кезінде қанда глюкозаның мөлшері көп, бірақ 
олар клеткаға өте алмайды ал, клеткалар глюкозаға мұқтаж күйінде 
қала береді. Осы жағдайды «берекенің ішіндегі жұт» деп атауға 
болады. Қанда глюкозаның мөлшері 8-8,8 ммоль/л-ден (бүйрек 
табалдырығы) асып кеткенде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет