325
Глюкагон –
Лангерганс
аралшықтарының
- клеткаларында
түзіледі. Глюкагон 29 амин қышқылдарының қалдықтарынан
тұратын полипептид. (8.11).[139]. Трипсин мен химотрипсиннің
әсерінен гормондардың активтілігін тежей отыра
гидролизденеді
(8.11)
Глюкагон
.
Глюкагон мембранды-цитозольді
механизм бойынша цАМФ
арқылы әсер етеді.
Глюкагонның
нысана клеткалары
бауыр, миокард, май
тіндері және ұйқы безінің β-клеткаларында орналасқан.
Глюкагонның
нысана
клеткаларында
гликогенолиз
күшейгенде, бос глюкоза бауырдан қанға түсіп, гипергликемияны
тудырады, ал глюкозаның мөлшері бүйрек табалдырығынан жоғары
болса глюкозурия пайда болады. Глюкагон
бұл әсерін аз уақыт
тигізеді. [4].
Гипергликемия байқалуының негізгі себебі – липидтердің
аралық өнімдері - глицериннен глюкоза түзіледі, яғни глюконеогенез
артады, май тіндерінде липолиз күшейіп, глицерин және БМҚ қанға
түседі, қанда БМҚ-дардың саны көбейеді, БМҚ қаннан барлық
тіндерге түседі де,
-тотығу реакциясына ұшырайды.
-тотығу
бауырда өте өте қарқынды жүреді,
сол жерде активті сірке
қышқылынан кетон денелерінің синтезі күшейеді, бұл жағдай
гипергликемияға және кетонурияға әкеліп соғады.
Глюкагон катаболикалық гормондарға жатады. Гипергликемия
эффектін көрсетеді. Секрециясы қандағы глюкозаның мөлшерімен
реттеледі, гипергликемия глюкогонның секрециясын тежейді, ал
СТГ глюкогонның бөлінуін арттырады. [16].
326
Глюкагон тек қана
ұйқы безінде синтезделмейді, сонымен
қатар асқазан ішек жолының кілегей қабатында түзіледі. Бірақ бұл
ішектің глюкагоны тек синтезделген жеріне әсер етеді.
Сонымен энергиялық қажеттілігіне қарай ұйқы безінің
Лангерганс
аралшықтары
инсулиннің
және
глюкагонның
концентрациясын
өзгерте отырып, тіндерде глюкозаның балансын
және басқа субстраттардың бөлініп таралуын бақылайды.
Глюкагон секрециясының көбеюіне байланысты инсулин
концентрациясы жоғарылауына,
глюкоза санының және оның
қорының азаюына әкеледі. Бұлардың азаюы инсулиннің амин
қышқылдарын
глюконеогенезге
емес,
белоктың
синтезіне
жұмсауына байланысты.
Инсулинге байланысты глюкагон концентрациясының артуы
глюкозаның глюконеогенез арқылы синтезделуін күшейтеді.
Басқа сөзбен айтқанда, қалыпты жағдайда организмге түскен
амин қышқылдары, липидтер және көмірсулар алмасуының барысы
инсулинмен глюкагонның ара
қатынасына және организмге
энергияның қажеттілігіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: