Бүйрек үсті безі қыртысты қабатының гормондары. Бүйрек үсті безі қыртысты қабатында синтезделген гормондар
холестериннің туындылары
кортикостероидтар (КС) деп аталады.
Олардың саны жүзге жетеді, тек 10-ында ғана гормондық активтілігі
бар, басқалары Кортикостероидтар алмасуының аралық өнімдері
болып табылады.
Бұл гормондардың құрылымында:
1. Циклопентанпергидрофенантреннің сақинасы;
2. «А» сақинада С
4,
С
5
арасындағы қос байланыстың болуы;
3. С
3
-те кето тобының болуы тән.
Әсер етуі - цитозольді механизм бойынша әсер етеді.
Физиологиялық әсері - зат алмасуға әсер етуіне қарай КС-
тарды үшке бөледі:
1. глюкокортикостероидтар (КС);
2
. минералкортикостероидтар(МКС);
3. адренокортикостероидтар(АКС) немесе андрогендер.
Бұл гормондар бір-бірімен құрылысы жағынан ұқсастығына
қарай шартты түрде үш топқа бөлінген, яғни бір топқа жататын
гормон өзіне тән ерекше әсеріне қоса тағы басқа гормондардың
әсерін бере алады.
Кортикостероидтар – бүйрек үсті безінің шоғырлы аймағында
синтезделеді. Осы топқа жататын гормондардың ішінен активтілігі
ең
жоғарысы
кортизол
(гидрокортизон),
екінші
орында
кортикостерол, ал кортизонның активтілігі төмен. (8.14). [142].
Қан плазмасында арнайы глобулиндермен байланысып
транскортин түзеді және альбуминдермен байланысуы мүмкін.
Белоктармен байланысқан түрінде кортизолдың активтілігі уақытша
тежеледі, тіндерде белоктан ажырағанда активтілігі бұрынғы
қалпына келеді. [12].
Кортизол мен кортизонда С
17
(ОН) тобы болғандықтан оларды
17-оксикортикостероидтар (17-ОКС) деп атайды.
Кортизол мен кортикостеронда С
11
-де (ОН) тобы бар,
сондықтан олар ІІ ОКС деп аталады.
Сонымен барлық КС-терде С
11
оттегі бар, КС-тердің
биологиялық әсері осы оттегіне байланысты. ГКС-тар қор ретінде
332
жиналмайды, сондықтан организмге қажет кезінде холестериннің
түзілуін жақсы реттейді, ал холестериннен МКС түзіледі.