Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Энергетикалық алмасуды реттейтін гормондар



Pdf көрінісі
бет234/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

8.5. Энергетикалық алмасуды реттейтін гормондар 
Ұйқы безінің гормондары. 
Ұйқы безі аралас секрециялық без. Оның сыртқы секреторлық 
қызметі – ас қорыту ферменттеріне бай сөл түзуі, ал ішкі 
секреторлық қызметі – 4 биологиялық активті заттардың бөлінуінде 
байқалады. Олар 

-клеткада түзілетін инсулин, 

-клеткаларда – 
глюкагон, клеткада түзілетін соматостатин, төртінші панкреатиндік 
пептид. Соматостатин Лангерганс аралшығының Д клеткаларында 
пайда болады, ол алғаш рет гипоталамуста табылған және
гипофиздің өсу гормонының қызметін тежейді. Осы ұйқы безінде 
өндірілген соматостатин безінің 

және 

клеткасына әсер етіп
глюкагон мен инсулиннің секрециясын төмендетеді. Соматостатин 
14 АҚ қалдығынан тұратын пептид. Қант диабетін емдеуге 
соматостатинді 
қолданудың 
мүмкіншіліктері 
қарастырылуда, 
соматостатинмен әсер ету арқылы глюкагонның бөлінуін тежейді, 
бірақ инсулинді сырттан енгізуге тура келеді. Панкреатиндік пептид 


321 
, ішек сөлі мен ферменттердің бөлінуін күшейтеді. Ұйқы безінің ең 
басты өнімдері 
– инсулин және глюкагон.
Инсулин - 
Лангерганс аралшықтарының 

-клеткаларында түзіледі, 
оның аталуы «insula» - аралшық - сөзінен шыққан. 
(8.10) 
Адам инсулинінің құрылымы 
Инсулин алғаш препроинсулин түрінде пайда болып, 
синтезделгеннен кейін өзгеріске ұшырайды. Проинсулин 84 амин 
қышқылы қалдығынан тұрады. Проинсулин молекуласының 
орталық аймағынан 23-тен -27-ші амин қышқылдары қалдығынан 
тұратын С полипептид бөлінеді, қалған екі пептид тізбектерінің
 
біреуі А-21 амин қышқылы қалдығынан, екіншісі – В-30 амин 
қышқылы қалдығынан тұрады. Олар бір-бірінен 2 дисульфидті 
көпіршесімен байланысқан, үшіншісі дисульфидті көпірше А 
тізбегінде орналасқан. Инсулиннің биологиялық активтілігі 


322 
дисульфидті байланыстар бар болғанда сақталады, ал осы 
байланыстар үзілсе – активтілігі жойылады. (8.10).[138]. 
Инсулин кристалл түрінде 1925 жылы алынған, ал 1955 жылы 
Сенджер инсулиннің бірінші реттік құрылымын анықтады. 1963 
жылы инсулинді синтездеу іске қосылды, бірақ бұл әдіс өте тиімсіз 
болғандықтан пайдаланылмады. Бұл гормонды, ірі-қара мал мен 
шошқаның ұйқы безінен алу әдісі қолданылып келеді. Дүние 
жүзінде осы әдіспен жылына инсулиннің 2 тоннасы алынады. Қант 
диабетімен ауырған адамдарға әзірге осы 2 тонна жеткілікті болып 
отыр. Қант диабетімен ауырған адамдардың саны азаймай, артып 
барады. Бұл табиғаты көмірсу тағамдарды көп пайдаланудан 
болады. Көмірсулар организмге көп мөлшерде түскенде олар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет