Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет24/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

гликопротеиндер 
және 
протеогликандар
, ал липидтермен жалғасып 
гликолипидтер 
түзеді.Мембрана құрамындағы гликозирленген белоктар, барлық 
белоктардың 10 %-ын, ал липидтермен байланысқандары 5-25%-ына 
дейін құрайды. Мембрананың сыртқы беткейінде орналасқан
белоктар сигналдарды қабылдап, клетка ішіне өткізеді. Мұндай 


23 
белоктарға табиғаты жағынан гликопротеидтер болып келетін 
қышқыл белоктар жатады. Олардың көмірсу бөлігі белгілі бір 
гормондарға ерекше спецификалы болып келеді. Мембрана 
гликопротеидтері 
иммундық 
реакцияларға 
қатысады. 
Гликопротеидтердегі 
көмірсу 
қалдықтары 
плазматикалық 
мембрананың сыртқы жағында орналасып иммундық жүйенің бөгде 
клеткаларын тануда маңызды рөл атқарады. Клетка аралық 
әрекеттесуді анықтайды. Иммунитет жүйесінің жұмысына қатысады 
( қан тобының антигендік детерминанты). Рецепторлар құрамына 
кіреді. Көмірсулар – мембрананың минорлы компоненттері , 
олардың мөлшері 2-10%-ға тең, гликолипидтер мен гликопротеидтер 
мембрана құрамының 0,5-10 %-ын құрайды. 
1.6. 
Биомембрананың қасиеттері 
Биомембраналар динамикалық құрылымдар болып табылады. 
Олардың құрамындағы белоктары, липидтері мембрана беткейінде 
қозғала алады (көлденең диффузия, флип-флоп), бірақ өте баяу 
жылжиды. Олардың қозғалысы және ағысы құрамындағы қаныққан 
және қанықпаған жоғарғы май қышқылдардың қатынасына және 
холестериннің мөлшеріне тәуелді болады. Егер фосфолипидтерде 
қаныққан жоғары май қышқылдары және холестерин көп болса, 
мембрана қою болады. Плазматикалық мембрана құрамында 
холестерин көп болады, сондықтан олар липидтердің пероксидті 
тотығуына (ЛПТ) төзімді келеді. Мембраналар бір-бірінен 
құрамындағы липидтердің түрлерімен, ерекшеленеді және бұл 
мембрананың қасиеттерін анықтайды. Мембрана құрамындағы 
липидтердің 40-тан 90%-на дейін фосфолипидтердің үлесіне тиесілі. 
Олар заттардың клеткаға тасымалдануын, клетка энергетикасын 
және 
мембранамен 
байланысқан 
ферменттердің 
қызметін 
қамтамасыз етеді, сондықтан фосфолипидтердің өзгеруі мембрана 
қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. [2]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет