25
немесе клетка ішіндегі метаболикалық процестер өзгеріске
ұшырағанда сигналды беруші ретінде қызмет атқарады. [12].
Биомембрана суды, нейтральды лиофильді қосылыстарды оңай
өткізеді, полярлы заттарды (сахар, амид),
кіші иондарды (Na+, СІ+)
нашар өткізеді,
жоғары электрлік кернеулікке ие,
ассиметриялы,
өздігінен
қалпына келе алады,
сұйықтау болады.
1.7.
Биомембрананың қызметтері
Клетканың тіршілігін қамтамасыз ететін өте маңызды
қызметтерінің бірі қоректік органикалық заттардың энергиясын
АТФ молекуласындағы химиялық
байланыстардың энергиясына
айналдырады.
Клетканы
энергиямен
қамтамасыз
ету
механизмдерінің бұзылыстары кез-келген зақымданған клеткада
энерготапшылықтың дамуымен сипатталады. Цитоплазмалық,
митохондриялық мембраналардың бүтіндігі
бұзылғанда гомеостаз
бен ферменттердің активтіліктері өзгереді.
Клеткаларда
қан және клеткааралық сұйықтықтардағы
энергетикалық, пластикалық алмасуларға қажетті субстраттар
концентрленіп экстракцияланады,
улы заттар шығарылады,
бұлшықеттер мен нервтердің қозуын қолдау үшін иондар
градиенттері түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: