Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет28/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Иондық канал
потенциал тәуелді болатын, электрореттелетін 
тасымалдаушы жүйе. Ол үш бөліктен тұрады: 
1-бөлігі: 
тасымалдаушы жүйенің өзі
–бұл сулы қуыс, ішінде 
аргинин, лизин, аспартат, глутамат амин қышқылдарының 
гидрофильді топтары орналасқан. Бұл функционалды топ, барлық 


27 
полярлы байланыстар есебінен фосфолипидтермен бірге каналды 
қоршап тұратын ионды бу түзеді. Кіре берістегі белоктың қышқыл 
топтары, теріс зарядты.
2-бөлігі: 
селективті фильтр
, бұның жұмысы иондарды 
ажырату. 3-бөлігі: иондар ағымын реттеу үшін мембрана 
потенциалының өзгеруіне сәйкес 
клетканың басқару жүйесі
болып 
табылады. Олар каналдардың құрылымдық бірлігімен қамтамасыз 
етіледі және 
қақпа 
деп аталады. 
Қақпа түтіктің шетінде орналасып, клетка ішіне қарай 
бағытталады. Электр өрісінің өзгеруі каналдың осы бөлігін 
конформациялық өзгеріске ұшыратады, яғни белоктардың полярлы 
топтарымен каналды қоршап тұрған фосфолипидтердің арасындағы 
байланыстар үзіледі, бұл түтіктің ашылуына немесе жабылуына 
әкеледі, қақпаны басқарады, иондардың қозғалысын реттейді.
Мембрананың сыртқы беткейі функционалды бір текті емес, 
онда танитын аймақтар болады, олар сигналдарды тану қызметін 
атқарады. Мысалға, гормондардың рецепторларын келтіруге болады.
Гормондардың рецепторлары қышқыл белок гликопротеид 
(ГП). Олардың көмірсу бөлігі белгілі гормонға спецификалы болады. 
Рецептормен байланысып гормон-рецептор комплекс түзеді. Бұл 
комплекс интегралды белокқа (N- белок) әсер етеді, нәтижесінде 
интегралды белоктың конформациясы өзгереді.
Құрылымы өзгерген N- белок түріндегі гормональды сигнал 
мембрананың ішкі бетінде орналасқан ферменттер жүйесімен, одан
әрі қарай клетка ферменттерімен қабылданады, осылайша олардың 
активтіліктері реттеледі. Кейбір мембраналар химиялық немесе 
электрлік сигналдарды генерирлей алады. 
Қорыта келе, биологиялық мембраналардың ортақ принцип 
бойынша құрылғанына қарамастан, олардың атқаратын қызметі 
біртекті емес екенін айтуға болады. Клеткалардың мембранды 
жүйелерінің айқын көрінетін ерекшеліктері бар, олар өте үлкен
маңызды 
қызмет 
атқарады. 
Мембраналық 
тасымалдану 
механизмінің бірнеше тәсілдері болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет