Трансмембранды (интегралды) белоктар. Кейбір
трансмембранды белоктар мембранаға бір рет енеді, (гликофорин)
басқаларының бірнеше учаскелері (домендер) бар, олар липидті
биқабатты ретімен кесіп өтеді. Соңғысындағы домендер
конформациясы -спираль түрінде болады.
Аминқышқылдарының полярлы қалдықтары глобуланың ішкі
жағына
орналасқан,
ал
зарядсыз
радикалдары
мембрана
липидтерімен байланысқан. Мұндай белоктарды суда еритін
белоктармен салыстырғанда
“төңкерілген ” деп атайды.
Төңкерілген белоктардың көбінде амин қышқылы қалдықтарының
гидрофобты радикалдары ішкі жағына жасырынған, ал гидрофильді
радикалдары беткі жағына орналасқан.
Белоктың латеральды диффузиясы. Мембраналық
белоктардың кейбірі липидті биқабатты бойымен жылжиды немесе
осьті айналып оның бетімен перпендикулярлы қозғалады.
Бұл латеральді (бүйірлік) диффузия деп аталады. Мысалы,
фосфолипаза А ферменті цитоплазмалық мембрананың беткі жағына
байланысады. Бүйірлік қозғалу арқылы, олар липидті биқабат
бетімен жылжи отыра минутына бірнеше мың фосфолипидтерді
мембранадан бөлінгенше гидролиздейді.
Мембранада
интегралды
белоктардың
латеральды
диффузиялануы шектеулі. Себебі олардың басқа мембрандық
белоктармен цитоқаңқа элементтерімен немесе клеткадан тыс
матрикспен өзара әрекеттесуі нәтижесінде мөлшері өте ұлғайған.
Мембраналық белоктар мембрананың бір жағынан екінші жағына
фосфолипидтер сияқты секіріп қозғалмайды( флип-флоп).
Мембрана көмірсулары - молекуласындағы көміртегі
атомдарының саны 2-ден бастап тармақталған 18-көміртегінен
тұратын полсахаридтерге дейін ауытқуы мүмкін.
Мембрана көмірсулары мембрана құрамында тек белоктармен
және липидтермен байланысқан түрінде ғана кездеседі. Көмірсулар
белоктармен
байланысып