19
құрайды.
Жүйке
клеткаларының
миелінді
қабатында
сфингомиелиндер
көп
мөлшерде
кездеседі.
Мембрана
гликолипидтері
цереброзид
,
ганглиозидтерден
құралған, олардың
гидрофобты бөлігі
церамидтен
тұрады.
Церамидтің 1-ші көміртегіндегі гидроксиль
тобына гидрофильді
көмірсу қалдықтары гликозидті байланыспен жалғасқан.
Холестерол
жануар клеткаларының барлық мембраналарында
кездеседі. Оның молекуласы берік гидрофобты ядродан және иілгіш
көмірсутекті
тізбектен
құралған,
молекуласындағы
жалғыз
гидроксиль тобы полярлы басы болып есептеледі.
Холестерин
амортизатор қызметін атқарады,
қанықпаған
жоғары май қышқылдарының жинақталып орналасуын қамтамасыз
етеді және оларды пероксидті тотығудан сақтайды. Холестерол мен
фосфолипидтердің орташа молярлы қатынасы 0,3-0,4, бірақ
плазматикалық мембранада бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары (0,8-
0,9). Мембрана құрамындағы
холестеролдар жоғарғы май
қышқылдардың
қозғалғыштығын
азайтады,
липидтер
мен
белоктардың латеральды диффузиясын төмендетеді.
Мембрана
фосфолипидтері және гликолипидтері липидті
биқабат түзуге қатысады және бірнеше қызметтер атқарады.
Мембраналық липидтер орта құрастырады,
осы ортада мембрана
белоктары өзінің нативті конформациясын түзіп, өз қызметтерін
атқарады. Кейбір мембраналық липидтер – гормон сигналы берілуі
кезінде екіншілік мессенджердің негізін салушы қызметін атқарады.
Мысалы,
фосфатидилинозитолдифосфат фосфолипаза С
ферментінің әсерінен диацилглицерол
және инозитолтрифосфатқа
гидролизденеді, соңғысы гормондардың екіншілік мессенджерлері
болып табылады. [3].
Достарыңызбен бөлісу: