Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет16/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Плазматикалық мембрана.
Әрбір клетканы қоршап тұрған мембрана оның көлемін 
анықтайды. Клеткадан клеткаға үлкенді-кішілі молекулалардың 
тасымалдануын қамтамасыз етеді. Мембрананың екі жағындағы 
иондар концентрациясының айырмашылығын ұстап тұрады. 
Мембрана клеткалардың бір-бірімен қарым-қатынаста болуына 
қатысады, қоршаған ортаның сигналын қабылдайды, күшейтеді 
және 
клетка 
ішіне 
өткізеді. 
Биохимиялық 
реакцияларды 
катализдейтін көптеген ферменттер мембранамен байланысқан. 
Ядроның мембранасы

Ядроның қабығы сыртқы және ішкі ядролық мембраналардан 
тұрады. Ядро қабықтарында кеуектер болады, солар арқылы 
рибонуклеин қышқылдары (РНҚ) ядродан цитоплазмаға өтеді, ал 
реттеуші белоктар цитоплазмадан ядроға енеді. Ядроның ішкі 
мембранасы құрамында кездесетін спецификалық белоктардың 
арнайы аймақтары болады. Осы аймақтарға ядролық матрикстің 
негізгі полипептидтері – 
ламина А, ламина В
және 
ламина С
байланысады. Бұл белоктар митоз процесі кезінде ядро қабығын 
дезинтеграциялау сияқты қызмет атқарады. [40]. 
Эндоплазматикалық ретикулум (ЭР). 
ЭР мембранасында қатпарлар мен иілістер көп кездеседі.
ЭР-нің беткі жағы біртегіс емес, бұдыры бар жерлері 
рибосомалармен байланысады. Бұл жерде плазматикалық мембрана 
белоктары, ЭР, Гольджи аппараты, лизосом сонымен қатар 
секретирленетін белоктар синтезделеді. ЭР-нің рибосомамен 
байланыспаған аймағы тегіс ЭР деп аталады. Осы жерде 
холестеролдар (ХСН), фосфолипидтер (ФЛ) биосинтезінің соңғы 
сатылары және ЭР метаболиттерінің, цитохром Р
450
, цитохром Р
450
редуктаза, цитохром b
5
редуктаза және цитохром b
5
-ферменттерінің 
қатысуымен бөгде заттардың тотығу реакциялары жүреді. [19]. 
Гольджи аппараты. 
Гольджи аппараты мембрананың маңызды органеллаларының 
бірі болып табылады. Ол заттарды сәйкес клетка ішілік 


16 
компартментке бағыттайды, сонымен қатар сұрыптау, жинақтау, 
модификациялауға және клеткадан сыртқа шығаруға жауап береді.
 
Гольджи комплексі мембранасының спецификалы ферменттері 
гликозилтрансферазалар - белоктарды серин, тирозин немесе 
аспарагиннің амид тобы қалдығынан гликозилирлеу арқылы күрделі 
белоктар – гликопротеиндердің түзілуін аяқтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет