340
клеткалары), аналық безде аналық жыныс клеткаларының пайда
болуы,
сыртқы секреторлық қызметі, ал
жыныс гормондарының
түзілуі мен бөліну ішкі секреторлық қызметіне жатады.
Жыныс гормондары стероидты гормондар, олардың негізін
салушы холестерин болып табылады. Жыныс гормондары синтезінің
көп
сатылары бірдей болғандықтан, әйел мен ер адамдар
организмінде олардың екі түрі де кездеседі. Бірақ әйелдерде әйелдік
жыныс гормондары көп бөлінетін болса, ал ер адамдарда еркек
жыныс гормондарының синтезі басым жүреді.
Организмнің
барлық тіндері, соның ішінде әйел оргаизмінде:
жатыр, қынап, аналық без, сүт бездері клеткаларында, ер адамның:
простата безінде, ұрық безінің қосымшасында, ұрық жолында және
ұрық көпіршігінде көп орналасқан. [40].
Осы
гормондардың
рецепторлары
гипоталамус
және
гипофиздің алдыңғы бөлігінде де кездеседі.
Гормондар жалпы
физиологиялық және ерекше әсер етеді.
Жалпы физиологиялық әсері: олар аралық метаболизмнің
көптеген процестерінде, су-минералды тұздардың алмасуына,
бейімделу реакцияларына қатысады. Ферменттердің синтезін, соның
ішінде аденилатциклазаның синтезін арттырады.
Бұл ферменттің
әсерінен липолиз, гликогенолиз липидтердің қор ретінде жиналуы
төмендейді. Аталып кеткен реакциялар биосинтез реакциялары үшін
қажетті энергияның көп бөлінуіне әкеледі, белоктың биосинтезі
күшейеді (І және ІІ механизм арқылы), дененің салмағы, бұлшық ет
массасы артуы есебінен көбейеді.
Азотты баланс оң болады, жас
организм жылдам өседі. Спорттық практикада анаболик ретінде
қолданылады.
Жыныс
гормондары
сүйек
қаңқасының
пропорциональды дамуын реттейді, алқым безінің қызметін тежеп,
қуыс сүйектердің ұзаруын тоқтатады.
Ұзын бойлы жігіттер мен қыздарда жыныс гормондарының
жетіспегендігінен бойлары өсіп кетеді.
Ерекше әсері – жыныс гормондары адамда және жануарларда
ерте эмбрионалдық мезгілде жыныстық саралануды анықтайды.
Екінші реттік жыныс белгілерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Жыныс органдарының өсуі және дамуы, дауыстың жуан
жіңішке болуы, түктенуі (сақал, мұрт, қолтық немесе шатқа шаштың
шығуы), сүйек қаңқасының дамуын қамтамасыз етеді.
341
Осы екінші реттік жыныс белгілері
арқылы әйел немесе ер
адамдарды айыруға болады. Жыныс гормон орталық жүйке
жүйесіне қоздыру процесін арттыру арқылы әсер етеді.
Әйелдің жыныс гормондары
Достарыңызбен бөлісу: