Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


-  қалыпты жағдайда лабораториялық әдістермен  анықталмайтындай өте аз мөлшерде кездеседі, ал көбеюі  гипербилирубинурия,-



Pdf көрінісі
бет297/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1


қалыпты жағдайда лабораториялық әдістермен 
анықталмайтындай өте аз мөлшерде кездеседі, ал көбеюі 
гипербилирубинурия,-
деп 
аталады. 
Бауыр 
аурулары, 
өт 
жолдарының бітелуі, сонымен қатар обтурациялық сарғыштану 
кезінде байқалады. Уробилин 
– 
қалыпты зәрдің пигменті болып 


394 
табылады. 
Уробилиннің 
мөлшері 

гемолитикалық 
және 
паренхиматозды сарғыштану кезінде артады, ал зәр құрамында 
мүлдем кездеспеуі өт жолдарының бітелуіне байланысты болады. 
Порфириндер – 
зәрде
 
порфириндер санының артуы бауыр 
аурулары және пернициозды анемия кезінде байқалады. 
10.8. Бүйрек жетіспеушілігінен туындайтын патологиялар 
 
Бүйрек жетіспеушілігі - бүйректің бөліп шығару және 
фильтрациялау қызметінің бұзылуынан пайда болатын, сипаты 
жағынан өткір немесе созылмалы аурулар.
 
Бүйрек жетіспеушілігінен, зат алмасудың соңғы өнімдері қанда 
жиналып, бүкіл организмнің қалыпты жұмыс жасауына нұқсан 
келтіреді және уландырады, осының салдарынан әртүрлі 
патологиялар пайда болады. [161]. 
Өткір бүйрек жетіспеушілігінің дамуына: генетикалық 
Бейімділік; экологиясы нашар аймақта тұру; 
 
дұрыс тамақтанбау; 
кейбір дары-дәрмектерді мәжбүрлі ұзақ уақыт қабылдлау;
 
жұқпалы аурулар;
 
организмде паразиттердің болуы;
 
зәр шығару, эндокринді, жүрек- қан тамыры жүйесінің созылмалы 
патологиясы;
 
алмасудың бұзылыстары себеп болады.
 
Көбінесе
бүйрек жетіспеушілігі, 60 жастан асқан еркек адамдарда дамиды. 
Сонымен қатар, бүйрек жетіспеушілік- органдар жарақаттанғанда 
және көп қан жоғалтқанда, улы заттармен уланғанда, несепағардың 
бітелуі, өткір/ асқынған пиелонефритте жылдам дамуы мүмкін.
 
Әйелдерде бүйрек жетіспеушілік жүктілік кезінде байқалуы
мүмкін. Өткір бүйрек жетіспеушілік, дерлік әрбір жағдайда, басқа 
ішкі аурудың асқынуынан туындайды. Сондықтан алғашқы 
белгілері онша айқын байқалмайды, егер дер кезінде анықталып, ем 
қабылдаған жағдайда бүйректің қызметі толық қалпына келеді. 
Бірінші белгі- бөлінетін зәр мөлшері азаяды, тәулігіне бар 
болғаны, 600 мл зәр бөлінеді, егер бұл жағдайға көңіл аудармаса, 
онда тез арада сусыздану инфекция қосылады. Сауатты, тиянақты 
емделетін болса, бүйрек қызметі 5-12 ай барысында қалпына келуі 
мүмкін, ал емделмеген жағдайда ауру созылмалы түріне ауысады. 
Бүйрек жетіспеушіліктің көрінетін белгілері: 
- апатия, әлсіздік, тез шаршау; күшті және тұрақты шөлдеу; 
- ауыздағы жағымсыз дәм; уланғандықтың айқын белгісі; 
- еске сақтау қабілетінің нашарлауы; ұйқының бұзылуы; 


395 
- тұрақты жүрек айну сезімі; Осы белгілердің пайда болуы,
созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің асқынғандығын көрсетеді,
бірінші белгі әрдайым түнгі уақытта жиі зәр шығару және 
бөлінетін зәрдің жалпы мөлшері азаяды. [161].
 
Бүйрек организмнен - токсиндерді, қалдық заттарды шығару, 
қан қысымын бір қалыпта ұстау, қан құрамындағы элемементтерді
бақылауда ұстау сияқты өте маңызды қызметтер атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет