Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет300/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 


397 
Қорытынды 
 
Адам организмінде бүйрек өте маңызды қызметтер атқарады.
Ол зәр түзеді және зәрді экскрециялайды, сулы-тұзды алмасуды 
реттейді, организм сұйықтығындағы осмостық қысымды,
қышқылдық- сілтілік тепе- теңдікті ұстап тұру арқылы, реттеуші- 
гомеостатикалық қызмет атқарады. 
Бүйректе бөгде заттарды - жұп эфиро-күкірт, эфиро-глюкурон 
қышқылдары, глицин, сірке және глюкурон қышқылдарымен жұп 
қосылыстар түзу, сонымен қатар бірқатар органикалық спирттерді 
тотықтыру арқылы усыздандырылады. Бұйрек зәр қышқылына NH
3
қосып, аммоний тұздарын және глутаматқа NH

қосып, глутамин 
амидін түзеді. Осылайша NH
3
усыздандырылады. Бүйрек 
митохондриясында глутаматдегидрогеназа ферментінің қатысуымен
глутаматтың тотығудан декарбоксильдену реакциясы жүреді. 
Бұйрек ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға қатысады және
тамыр тонусын, қан қысымын реттейді. Бүйректе синтезделетін 
эритропоетин сүйек миында қан түзуді стимульдейді. 
Д
3
-дәруменінің алмасатын активті түрінің түзілуіне қатысады. 
Инсулин мен паратгормонның катаболизмі жүреді. 
Бүйректе жүретін метаболизм процесі және энергия шығыны 
негізінен экскрецияны қамтамасыз етуге, азотты алмасудың соңғы 
өнімдерін организмнен бөліп шығаруға бағытталған.
Бүйректе зәр түзу нефрондарда жүреді. Зәрдің түзілуі үш түрлі 
процесс ( фильтрация, реабсорбция, секреция) арқылы жүзеге асады. 
Шумақты бөлімнің базальды мембранасы арқылы су және 
молекулалық массасы 50 кда - дан аспайтын кіші молекулалы 
қосылыстар еркін сүзіледі. Сүзілу түтікше қуысындағы құрам 
бөліктері мен шумақты бөліктің капиллярларында жүреді. 
Осылардың 
арасындағы 
гидростатикалық 
қысымның
айырмашылығы сүзілудің қозғаушы күші болып табылады. Зәрдің 
түзілуі түтікшелердің жұмысы мен шумақты бөлікте жүретін
фильтрацияның жылдамдығына тәуелді болады. Шумақты 
фильтрация жылдамдығының төмендеуі- олигурияға, уремияға 
және мочевина мен қалдық азотты заттардың организмде жиналып
қалуына әкеледі. Қан плазмасында бикарбонаттар мөлшерінің
азаюы метаболикалық ацидозға, гипергликемияға ұшыратады. 
Шумақты сүзілудің нашарлауы бүйрек ақауы мен гидростатикалық 
қысым градиентінің төмендеуінен болады. 


398 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет