488
бар.Тіс тасының құрылымы қатпарлы болып келеді. Көбінесе,тіс
тастары сілекей бездері түтіктерінің жанында, тістердің тілдік
бетінде пайда болады. Тіс тастарының минералдану дәрежесі және
құрамындағы бактериялары әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін. Тіс
тасы түзілу үшін, ауыз қуысының рH-ы жеткілікті дәрежеде
жоғарылауын қажет етеді. Көбінесе, бұл әсер мочевинаның
ферментативті гидролизімен байланысты болады. Тіс тасының
құрамында фосфор қышқылының кальций тұздары кристалдың
барлық түрлерін кездестіруге болады.Тіс тастары көбінесе тікелей
парадонт ауруларын тудырады. Тіс тасының пайда болуына
сілекейдің химиялық құрамының өзгеруі, тістерде бактериялық тіс
қағының жиналуы және парадонт тіндері қабынуының орын алуы
ықпал етеді. Өз кезегінде, тіс тасының пайда болуы, қабынуға
қолдау көрсете отыра, барлық патологиялық процестерді
асқындырады.
Достарыңызбен бөлісу: