Кариестің даму себептері: 1. Сілекей бөліну төмендейді және саливация көлемі азаяды.
2. Сілекей тұтқырлығы жоғарылайды және муцин мөлшері артады.
3. Буферлік сыйымдылығы төмендейді және сілекейдің рН-ы
қышқыл жаққа ауысады.
4. Сілекейдегі және тіс жұғындысындағы микробтардың глюкоза
катаболизмі ферменттері активтенеді.
5. Сілекей рН-ның қышқыл жаққа ауысуы салдарынан сілекейдің
кальций, фосфор қосылыстарымен қанығу дәрежесі төмендейді.
Ауыз қуысында кариестің дамуына қолайлы жағдай ұйқы
кезінде туады. Себебі анаэробты гликолиз кезінде сүт қышқылы
жиналады. Тіс жұғындысын 5%-дық глюкоза ерітіндісімен шайғанда
санаулы минуттарда рН төмендейді, нәтижесінде деминералдану
үшін қолайлы жағдай туады. Әсіресе 10-12 минуттан кейін рН
сыйымдылығы өте төмендейді, рН сыйымдылығы қалпына келуі
үшін 1 сағаттан көп уақыт қажет. Бұл динамика вариабельді және
бұл адамдардың кариеске төзімділігін анықтайтын өзіндік тест
қызметін атқарады. Организмге түскен кальций аз, ал фтор көп
болғанда Флюороз ауруы пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай сапасыз
эмальдың түзілуіне әкеледі. Кальций – фосфор алмасуының қалыпты
жағдайдан ауытқуынан тіс эмалінінің бұзылуын тудырады. [30].
13.12. Сүйек тіндерінің аурулары. Сүйек қаңқасы ағзаларды қорғау, дене пішінін және оның
қозғалысын сақтаудың ең маңызды функцияларын орындайды.
Дененің әрбір сүйегі - өмір бойы үнемі жаңарып, қалпына
келтіріліп отыратын тірі тін. Жас ерекшеліктеріне қарай,
метаболикалық процестер баяулайды, жарақат әсерінен аурулар
пайда болады, сүйектердің беріктігі нашарлап, сынғыш келеді.
Сүйек тіндері инфекцияға ұшыраса, сүйектер сынғанда, сүйекке
ота жасағанда, әртүрлі жағдайларға байланысты сүйек кемігінің
қабынуы орын алуы мүмкін