493
Қорытынды
Сүйек қаншалықты қатты болғанына қарамастан,
өзгеруге
қабілетті. Оның барлық тығыз клеткасыртылық матриксі
қуыстарға, каналдарға толы болады. Осы қуыстар мен каналдар тірі
клеткалармен
толтырылған, олар сүйек салмағының 15%-ын
құрайды. Бұл клеткалар сүйек тінінің үздіксіз жүретін сүйектің
қайта құрылу процестеріне қатысады. Сүйектер бірнеше түрлерге
бөлінеді, құбырлы, губка тәрізді түрлері бар. Сүйектердің
минералды
компоненттерінің
басым
көпшілігі
кальций
фосфаттарының бірнеше түрлерінен құралған. Оған қоса,
карбонаттар, фторидтер, гидроксидтер және цитраттар кіреді. Сүйек
құрамында магний ионы едәуір көп кездеседі. Сүйек кристалдары
гидрлоксиапатиттерден
құралған, пішіндері пластинка немесе
таяқша тәрізді болады. Сүйек тіндерінің минералды фазасының
қызметі: сүйектің қаңқасын құрайды, беріктілікті
қамтамасыз етеді,
пішінін береді, қорғаныштық рөлін атқарады және минералдық
заттардың қорын түзеді. Минералдық компоненттер сүйек көлемінің
шамамен 1/4-1/3 бөлігін, ал қалған көлемін органикалық матрик
құрайды. Бірақ, сүйектердегі
органикалық және минералдық
заттардың меншікті салмағы әртүрлі келеді, осыған байланысты
ертіндіде ерімейтін минералдардың үлесіне сүйек массасының 1/2
бөлігі тиесілі. Органикалық матрикстің 90%-ы коллагеннен,
коллаген емес белоктардан және протеогликандардан тұрады. Сүйек
матриксінің коллагенді фибрилласы
I-ші типтегі коллагеннен
түзілген. Остеокальцин – сүйектің глутаминді белогы, тіс тініндеде,
кездеседі. Гидроксиапатит кристалдарымен берік байланысқан 49
амин қышқылы қалдығынан тұратын белок. Ол сүйекте де, тісте де,
кальций
ионының
байланысуын
реттейді.
Осы
кезекте,
остеобласттардың дұрыс жұмыс жүргізуіне К дәрумені қажет.
Соңғысы глутаматтың радикалына қосымша карбоксил тобын
жалғауға септігін тигізеді. Қосымша зарядталған глутамат, кальций
ионын
берік
байланыстыруға
қабілеті
артады.
Сүйектің
сиалопротеині, остеопонтин, остеонектин т.б. сүйек белоктары
қышқыл
белоктар болғандықтан, минералдану процестеріне
қатысады. Протеогликандардың өкілдері- хондроитинсульфаттар,
сүйек тіндеріндегі
зат алмасу процесінде, кальцийдің алмасуында
маңызды рөл атқарады.