492
ауруы (остеодистрофия) аурулары жатады. Созылмалы ас қорыту
бұзылыстары,
D дәруменінің жетіспеушілігі, коллаген синтезінің
бұзылуы – остеопороз туындауының негізгі себептері болып
табылады. Сүйекке түскен жүктемелер, табиғи қартаюдың
деструктивті әсері, сүйек клеткаларының
қалыпты метаболизміне
қолайлы жағдай тудырмайды. Осының салдарынан, сүйектер жиі
сынады, жиі жарықтар пайда болады, бұл сүйектерде жүретін
процестерді одан әрі нашарлатады. Негізінен бұл ауруларға егде
жастағы адамдарда, көбінесе әйелдерде кездеседі.
Басқа сүйек аурулары:
остеохондроз, кифоз, сколиоз және
лордоз, остеоартрит, сүйек туберкулезі, синостоз.
Пайда болу себептері:
Сүйек аурулары дамуының негізгі
себептеріне – салауатты өмір сүру салтының қалыптаспауы -
темекі шегу, диета сақтамау, физикалық
белсенділіктің болмауы,
шамадан тыс жаттығулар жасау сияқты пароблемалар мен
аурулардың дамуын асқындыратын жағымсыз факторлар жатады.
Остеопороз
– сүйектердің тығыздығын жоғалтуынан пайда
болатын, ауру.
Патологияның өсуі, қатты ауырсынуға және тіпті
өсудің төмендеуіне әкеледі. Жетілдірілген остеопороздың ең ауыр
және жойқын салдары - сүйектердің беріктігі мен нәзіктігін жоғалту,
қаңқаның әртүрлі сүйектерінің сынуына және ауыр мүгедектікке
әкеледі.[6].
Остеосаркома – сүйектің қатерлі ісігі, көбінесе балалар мен жас
өспірімдерде байқалады. Бұл балаларда ең кең тараған сүйектің
біріншілік ісігі. АҚШ-та жыл сайын 400
ден аса жаңа жағдайлар
тіркеледі. Остеосаркома жас өспірімдерде ең кең тараған ісіктің
түрі. Остеосаркома кез келген сүйекте дамуы мүмкін, әдетте аяқ
қолдың ұзын сүйектерінің жалпақ ұшында пайда болады. Көбінесе
ісік сүйектің жаңа сүйек тіндерін түзетін
жетілген клеткаларында
(остеобласттар), әсіресе тізе буынында, жамбас сүйегінің төменгі
бөлігінде немесе жіліншіктің жоғарғы жағында, иық сүйегінде
пайда болады. Өте сирек жұмсақ тіндерде дамуы мүмкін.
Остеосаркома сүйек ішінде немесе сүйектің бетінде дамуы мүмкін,
кейде жалпақ сүйектерде (жамбас, бас сүйегі) өте сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: