Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


хондродистрофия, остеохондродистрофия, арахнодактилия, марфан синдромы көптеген шеміршекті экзостоздар. Метаболикалық сүйек аурулары -



Pdf көрінісі
бет387/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 
хондродистрофия, остеохондродистрофия, арахнодактилия,
марфан синдромы көптеген шеміршекті экзостоздар.
Метаболикалық сүйек аурулары - 
Метаболикалық сипаттағы
патологиялар сүйектерде минералдар мен дәрумендердің 
жетіспеушілігінен туындайтындықтан, адам өміріне елеулі қауіп 
төндіреді Мұндай ауруларға: остеопороз, рахит ауруы, 
остеомаляция, қалқанша маңы безінің остеодистрофиясы және пагет 


492 
ауруы (остеодистрофия) аурулары жатады. Созылмалы ас қорыту 
бұзылыстары, D дәруменінің жетіспеушілігі, коллаген синтезінің 
бұзылуы – остеопороз туындауының негізгі себептері болып 
табылады. Сүйекке түскен жүктемелер, табиғи қартаюдың 
деструктивті әсері, сүйек клеткаларының қалыпты метаболизміне 
қолайлы жағдай тудырмайды. Осының салдарынан, сүйектер жиі 
сынады, жиі жарықтар пайда болады, бұл сүйектерде жүретін 
процестерді одан әрі нашарлатады. Негізінен бұл ауруларға егде 
жастағы адамдарда, көбінесе әйелдерде кездеседі. 
Басқа сүйек аурулары:
остеохондроз, кифоз, сколиоз және 
лордоз, остеоартрит, сүйек туберкулезі, синостоз. 
Пайда болу себептері: 
Сүйек аурулары дамуының негізгі 
себептеріне – салауатты өмір сүру салтының қалыптаспауы -
темекі шегу, диета сақтамау, физикалық белсенділіктің болмауы
шамадан тыс жаттығулар жасау сияқты пароблемалар мен 
аурулардың дамуын асқындыратын жағымсыз факторлар жатады. 
Остеопороз 
– сүйектердің тығыздығын жоғалтуынан пайда 
болатын, ауру. Патологияның өсуі, қатты ауырсынуға және тіпті 
өсудің төмендеуіне әкеледі. Жетілдірілген остеопороздың ең ауыр 
және жойқын салдары - сүйектердің беріктігі мен нәзіктігін жоғалту, 
қаңқаның әртүрлі сүйектерінің сынуына және ауыр мүгедектікке 
әкеледі.[6]. 
Остеосаркома – сүйектің қатерлі ісігі, көбінесе балалар мен жас 
өспірімдерде байқалады. Бұл балаларда ең кең тараған сүйектің
біріншілік ісігі. АҚШ-та жыл сайын 400 ден аса жаңа жағдайлар 
тіркеледі. Остеосаркома жас өспірімдерде ең кең тараған ісіктің 
түрі. Остеосаркома кез келген сүйекте дамуы мүмкін, әдетте аяқ 
қолдың ұзын сүйектерінің жалпақ ұшында пайда болады. Көбінесе 
ісік сүйектің жаңа сүйек тіндерін түзетін жетілген клеткаларында 
(остеобласттар), әсіресе тізе буынында, жамбас сүйегінің төменгі 
бөлігінде немесе жіліншіктің жоғарғы жағында, иық сүйегінде
пайда болады. Өте сирек жұмсақ тіндерде дамуы мүмкін. 
Остеосаркома сүйек ішінде немесе сүйектің бетінде дамуы мүмкін, 
кейде жалпақ сүйектерде (жамбас, бас сүйегі) өте сирек кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   383   384   385   386   387   388   389   390   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет