Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Остеохондроздың белгілері



Pdf көрінісі
бет388/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Остеохондроздың белгілері. 
Ауырсыну остеохондроздың ең негізгі белгісі болып табылады. 
Әдетте адамдар мойынның және арқаның төменгі жағы немесе
кеудедегі, ауырсынуды сезінеді. Кейде ауырсыну кенеттен пайда 
болуы мүмкін.


493 
Қорытынды 
Сүйек қаншалықты қатты болғанына қарамастан, өзгеруге 
қабілетті. Оның барлық тығыз клеткасыртылық матриксі 
қуыстарға, каналдарға толы болады. Осы қуыстар мен каналдар тірі 
клеткалармен толтырылған, олар сүйек салмағының 15%-ын 
құрайды. Бұл клеткалар сүйек тінінің үздіксіз жүретін сүйектің 
қайта құрылу процестеріне қатысады. Сүйектер бірнеше түрлерге 
бөлінеді, құбырлы, губка тәрізді түрлері бар. Сүйектердің 
минералды 
компоненттерінің 
басым 
көпшілігі 
кальций 
фосфаттарының бірнеше түрлерінен құралған. Оған қоса, 
карбонаттар, фторидтер, гидроксидтер және цитраттар кіреді. Сүйек 
құрамында магний ионы едәуір көп кездеседі. Сүйек кристалдары 
гидрлоксиапатиттерден құралған, пішіндері пластинка немесе 
таяқша тәрізді болады. Сүйек тіндерінің минералды фазасының 
қызметі: сүйектің қаңқасын құрайды, беріктілікті қамтамасыз етеді
пішінін береді, қорғаныштық рөлін атқарады және минералдық 
заттардың қорын түзеді. Минералдық компоненттер сүйек көлемінің 
шамамен 1/4-1/3 бөлігін, ал қалған көлемін органикалық матрик
құрайды. Бірақ, сүйектердегі органикалық және минералдық 
заттардың меншікті салмағы әртүрлі келеді, осыған байланысты 
ертіндіде ерімейтін минералдардың үлесіне сүйек массасының 1/2 
бөлігі тиесілі. Органикалық матрикстің 90%-ы коллагеннен, 
коллаген емес белоктардан және протеогликандардан тұрады. Сүйек 
матриксінің коллагенді фибрилласы I-ші типтегі коллагеннен 
түзілген. Остеокальцин – сүйектің глутаминді белогы, тіс тініндеде, 
кездеседі. Гидроксиапатит кристалдарымен берік байланысқан 49 
амин қышқылы қалдығынан тұратын белок. Ол сүйекте де, тісте де, 
кальций 
ионының 
байланысуын 
реттейді. 
Осы 
кезекте, 
остеобласттардың дұрыс жұмыс жүргізуіне К дәрумені қажет. 
Соңғысы глутаматтың радикалына қосымша карбоксил тобын 
жалғауға септігін тигізеді. Қосымша зарядталған глутамат, кальций 
ионын 
берік 
байланыстыруға 
қабілеті 
артады. 
Сүйектің 
сиалопротеині, остеопонтин, остеонектин т.б. сүйек белоктары
қышқыл белоктар болғандықтан, минералдану процестеріне 
қатысады. Протеогликандардың өкілдері- хондроитинсульфаттар, 
сүйек тіндеріндегі зат алмасу процесінде, кальцийдің алмасуында 
маңызды рөл атқарады.


494 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   384   385   386   387   388   389   390   391   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет