Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бұлшықет жұмысы кезінде метаболизмнің өзгеруі



Pdf көрінісі
бет396/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Бұлшықет жұмысы кезінде метаболизмнің өзгеруі. 
1. АТФ концентрациясының өзгеруі креатин – фосфокиназды 
реакцияның тепе-теңдігін оңға қарай ығыстырады: креатинфосфат 
қолданылады. Сонан соң гликолиз іске қосылады, тотығудан 
фосфорлану жүйесін іске қосу үшін 1 минут қажет болады. 
2. Әрі қарай метаболизмнің өзгеруі бұлшықет жұмысының 
қарқынына байланысты болады. [5]. 
Егер бұлшықеттің жұмысы ұзаққа созылып, қарқыны үлкен 
болмаса, клетка энергияны «аэробты аймақта» жүретін тотығудан 
фосфорлану реакциясы арқылы алады. 
Егер бұлшықеттің жұмысының қарқыны субъмаксимальды 
болса, онда тотығудан фосфорлануға қосымша гликолиз қосылады, 
бұл бұлшықеттің жұмысыф ауырлаған кезде орын алады, оттегінің 
тапшылығы туындайды , бұл жұмыс аралас аймақта жүреді. 
Максимальды қарқынды қысқа уақытқа созылған
бұлшықет жұмысы 
кезінде тотығудан фосфорлану қосылып 
үлгермейді. Жұмыс тек гликолиз есебінен жүреді. Максимальды 
жүктеме біткеннен кейін қандағы лактат бауырға өтеді, сол жерде
глюконеогенезге жұмсалады немесе лактат пируватқа айналады, әрі 
қарай митохондрияда гексозодифосфатты жол арқылы тотығады. 
Бұл реакциялар жүру үшін бұлшықет, өте көп оттегі қажет етеді, 
сондықтан оттегінің қарызы қайтарылады. 
Бұлшықеттегі дезаминдену механизмі. 
Бұлшықетте глутаматдегидрогеназаның (ГДГ) активтілігі
жеткіліксіз болғандықтан қарқынды физикғалық жұмыс кезінде
ИМФ ЖӘНЕ АМФ-тің қатысуымен тікелей емес дезаминденудің 
тағы бір жолы іске қосылады. Алдымен α- аминқышқылдары 
α- кетоглутараттың қатысуымен қайта аминдену кезінде глутамат 
түзіледі. Глутамат оксалоацетаттың қатысуымен қайта аминдену 
реакциясына түседі. Реакция барпысында үзілген аспартат ( инозин 
қышқылы) инозинмонофосфатқа қосылып ( ИМФ), күрделі қосылыс
аденилосукцинатқа айналады, бұл өз кезегінде АМФ пен фумаратқа 


504 
гидролизденеді. АМФ дезаминденген кезде аммиак түзіледі. 
Аммиак бұлшықеттегі лактатты нейтралдауға пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   392   393   394   395   396   397   398   399   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет