Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет392/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

 Саркоплазма 
– клеткаішілік сұйықтық. Саркоплазмада 
органикалық заттар, минералды тұздар, сонымен қатар ядро, 
митохондрия, 
рибосома, 
лизосома 
сияқты 
субъклеткалық 
органеллалардың бөліктері локализацияланған. Олар бұлшықеттің 
арнайы белоктарының синтезіне әсер ету арқылы, бұлшықет 
талшықтарындағы зат алмасудың реттелуіне қатысады. Бұлшықет 
талшықтарында митохондриялар өте көп мөлшерде кездеседі, олар
ретикулум мембранасына тығыз жабысып, миофибриллалар
бойымен тізбектеліп орналасады. [5]. 
Саркоплазманың ішінде саркоплазматикалық ретикуклумның
тіке және көлденең түтікшелер жүйесі, мембраналар, көпіршіктер 
орналасқан. (14.1). [180]. 
Саркоплазматикалық ретикулум мембранасының қалыңдығы
6 нм. Олар саркоплазманы жеке бөлімдерге бөліп тұрады. Бұл 
бөлімдерде әртүрлі биохимиялық процестер жүреді. Әрбір
миофибрилла түтікшелер және көпіршіктермен өрілген. Сыртқы 
клетка мембранасымен байланысқан түтікшелер арқылы клетка 
органеллалары мен клетка сұйықтығы арасында тікелей зат алмасу 
жүруі мүмкін.
Түтікшелер, соның ішінде Т – түтікшелер талшықтардың 
сыртқы мембранасынан оның ішкі аймақтарына, везикулаларға , 
саркоплазматикалық ретикулумның цистерналарына қозу 
толқынын тарату үшін де, қызмет ете алуы мүмкін. Миофибриллаға 
жабысып орналасқан көпіршіктер мембраналары құрамында, Ca
2+
-
ын байланыстыратын белок-
кальсеквестрин 
болады.
14.5. Бұлшықет тіндерінің химиялық құрамы.

Бұлшықет тіндерінің құрамында: 


-
Су 75-77%, 
-
Белоктар 20%, 
-
Липидтер 1-3%, 
-
Көмірсулар 0,5-3,0%, 
-
Экстрактивті заттар 1,5-2,0%, 
-
Минералды тұздар 1% мөлшерде кездеседі 


498 
 Бұлшықет тіндерінің белоктары. 
Бұлшықет тіндерінің белоктары үш топқа бөлінеді: 
1. Миофибриллярлы белоктар - 45%. 
2. Саркоплазмалық белоктар 35%. 
3. Строма белоктары 20%-ды құрайды. 

(14.1.) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет