Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Бұлшықет тіндері метаболизмінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет397/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Бұлшықет тіндері метаболизмінің ерекшеліктері. 
Бұлшықет 
тармақталған 
тізбекті 
аминқышқылдарының
катаболизмі жүретін негізгі орын болып табылады. Бұлшықет 
тіндері лейцинді CO

–ге дейін тотықтырады және аспартат , 
аспарагин, глутамат, лейцин және валиннің көміртегі қаңқасын
ҮКҚЦ-ің субстраттарына айналдырады. Бұлшықеттің бүйір 
тізбектері тармақталған аминқышқылдарын ыдыратуы ашыққанда 
және диабетте 3-5 есе артады. Бұлшықетте липидтердің қатаболизмі 
айқын көрінеді. Бос май қышқылдары, кетон денелері бұлшықетте 
аэробты жағдайда энергия алу үшін тотығады. [5]. 
Бұлшықетте көмірсулар алмасуы басымырақ жүреді. Глюкоза
аэробты немесе анаэробты жағдайда АТФ энергиясын алу үшін 
тотығады. Қаннан клеліп түскен лактаттан немесе пируваттан
глюконеогенез процесі барысында түзілген глюкоза бұлшықетте 
гликоген синтезіне жұмсалады және гликогеннің қорын түзеді. Ол 
бұлшықет массасының 1-2%-ын құрайды. 
Бұлшықеттердің мамандануы. 
Әртүрлі бұлшықет клеткаларының энергиямен қамтамасыз 
етілуі бір бірінен түбегейлі ерекшеленеді. Бұлшықет: «ақ» және 
«қызыл» екі түрлі болады. Қызыл бұлшықеттер – «баяу» тотығ 
бұлшықеттері. 
Олар 
қанмен 
жақсы 
қамтамасыз 
етілген, 
митохондриялары 
көп, 
тотығудан 
фосфорлану 
процесінің 
ферменттері жоғарғы активтілікке ие. Олар аэробты жағдайда 
жұмыс жасауға бейімделген. Мұндай бұлшықеттер денені белгілі 
бір позада ұстап тұруға бейімделген. 
Ақ бұлшықеттер – «жылдам», гликолитикалық. Оларда 
гликоген көп болады. Қанмен нашар жабдықталған және 
гликолиздің ферменттерінің активтіліктері басым вкеледі. Олар 
қарқынды жұмысты қысқа уақыт қамтамасыз етеді. 
Адамдарда арнайы бұлшықеттер болмайды, бірақ арнайы талшықтар 
болады: экстензорлы бұлшықеттерде «ақ» талшықтар, ал арқа 
бұлшықетінде «қызыл» талшықтар көптеп кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет