499
Десмин
көрші миофибриллалардың
Z сызығының арасында
орналасып, олардың барлық саркомерлерінің шекараларының
сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Саркоплазмалық белоктар
миоглобин, гликолиз, тіндік тыныс
алу ферменттері, кальмадулин және кальсеквестерин, бұлар кальций
иондарымен
қайтымды байланыса алады, йондық күші төмен тұзды
ерітінділерде еритін белоктар.
Строма белоктары
коллагендерден
және эластиндерден
тұрады. Миостромин белогы сарколемманың және Z сызығының
түзілуіне қатысады.
Бұлшықет қызметі мен құрамы жағынан ерекшеленетін
белоктардың бірегей жиынтығынан құралған.
1. жиырылғыш: актин, миозин;
2. реттеуші негізгі: тропомиозин, тропонин;
3. реттеуші минорлы: миомезин, креатинкиназа, М белок,
актининдер α, β, γ, филамин, пататропомиозин;
4. цитоқаңқа белоктары тайтин-1, тайтин-2, небулин, винкулин,
десмин, виментин, синемин, Z- протеин,
Z-nin және дистрофин;
Белоктардың мөлшері
Миофибриллярлы ( жиырылғыш) - 45%.
Саркоплазмалық
(миоальбумин, Х
глобулиндер, миогендер,
миоглобулин, нуклеопротеидтер және ферменттер) 35%.
Миокард
құрамында көп АсАТ, АлАТ, ЛДГ1, ЛДГ2, КФК-МВ;
Қаңқа бұлшықетінде көп мөлшерде ЛДГ3, ЛДг4, КФК-ММ
кездеседі. Строма белоктары (негізінен коллаген, эластин) 20%-ды
құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: