500
6. Карнозин, ансерин-ерекше азотты заттар; шаршаудан қажыған
бұлшықет жиырылуының амплитудасын жоғарлатады; [5].
Жүйке-бұлшықетінің синапсы
(14.2.)
14.6. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуының
биохимиялық
механизмдері.
Бұлшықет жиырылуының биохимиялық кезеңдерін 5 сатыда
қарастырады: 1, 2, 3 жиырылу сатылары; 4, 5 босаңсу сатылары.
1. Тыныштық сатысында миозиннің «басы» АТФ-ті АДФ-ке
және (Ф
н
) фосфор қышқылының қалдығына гидролизденеді бірақ,
гидролиз өнімдерінің бөлінуін қамтамасыз ете алмайды.
Тұрақты миозин АДФ-Ф
н
кешені түзіледі.
2. Кезбе жүйкенің қозуы, бұлшықет талшығы
саркоплазмалық
ретикулумынан Са
2+
ионының босап шығуына әкеледі.
(14.2). [181].
Са
2+
ионы
С тропонинмен (Тн-С)
байланысады. Осы әрекеттесу
нәтижесінде тропонин молекуласының сонан соң – тропомиозиннің
конформациясы өзгереді, осының нәтижесінде, актиннің миозинмен
жалғасатын орталығы ашылады. Миозиннің «басы» F- актинмен
байланысып 90
0
бұрышты фибрил осін түзеді.
3. Актиннің миозинге қосылуы актин-миозинді кешеннен АДФ
және Ф
н
бөлінуін қамтамасыз етеді. Бұл аталған кешен
конформациясының өзгеруіне әкеледі және актин-миозинді
501
«ұшының» арасындағы бұрыш 90
о
-тан 45
о
-қа өзгереді. Осы
бұрыштың өзгеруі нәтижесінде, актин жіпшелері миозин
жіпшелерінің арасында созылады, яғни олар бір-біріне қарай
сырғанайды. Соркамер қысқарып, бұлшықет талшығы жиырылады.
4. АТФ-ің молекуласы актин – миозин кешенімен байланысады.
5. АТФ миозин кешенінің актинге туыстығы төмен болғандықтан
миозиннің «басы» F- актиннен бөлініп кетеді.
Жіпшелер (филаменттер) бұрынғы күйіне қайта оралады,
бұлшықет босаңсиды. Сонан соң цикл қайталанады.
Достарыңызбен бөлісу: