Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ


Қан-энцефалиялық тосқауыл (ҚЭТ)



Pdf көрінісі
бет407/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

Қан-энцефалиялық тосқауыл (ҚЭТ) 
Ми капиллярларының қабырғалары 
астроциттердің 
өсінділерімен ( 85-90%) қапталған , ал қалған бөлігі глиальды 
клеткалардың 
денелерімен 
қоршалған 
Астроциттер 
мен 
капиллярлардың қабырғалары соншалықты тығыз, жанасып 
орналасқандықтан осы екі элементтер мембраналарының сыртқы 
беткейі біріктірілгендей қос қабатты бөлім құрайды. Осындай қос 
бөлімнің болуының арқасында тосқауыл пайда болады. Осы тосқауыл
арқылы қандағы еріген көптеген заттар әрең өтеді. ҚЭТ-ың
морфологиялық негізі ми тамырларының эндотелийі, периваскулярлы 
базальды мембрана және глиальды клеткалардың плазматикалық 
мембраналары құрайды. Бірқатар заттардың ҚЭТ арқылы миға өтуі 
ҚЭТ-дың жай-күйімен ғана емес, сондай-ақ ОЖЖ-нің метаболизмі 
және жұмыс істеу қарқындылығымен анықталады. Жүйке тіндері 
метаболизмі мен қызметінің деңгейі ҚЭТ қызметін реттейтін фактор 
болып табылады. Бір жағынан ҚЭТ бас миын қан ағымындағы 
экзогенді және эндогенді токсиндерден қорғау рөлін атқарса, екінші 
жағынан нейромедиаторлар мен басқа да активті қосылыстардың
интерстициальды сұйықтықтардан қанға өтіп кетуіне кедергі 
жасайды. Алайда, ҚЭТ-ың ең маңызды қызметі, ол бас миының 
арнайы ішкі ортасын сақтау болып табылады. 
Жүйке тіндері метаболизмінің жалпы ерекшеліктері. 
1. Басқа тіндермен салыстырғанда жоғары қарқындылық. 
2. Үлкен қызметтік белсенділік болмаған жағдайда- ұйқы кезінде 
таңқаларлық жоғары белсенділік деңгейі сақталады. 
3. Перифериялық жүйке талшықтарының метаболизмі мен жүйке 
клеткаларының алмасулары әртүрлі.
4. Жүйке талшықтары метаболизмінің жалпы интенсивтілігі төмен.
 
15.2. Ми тіні белоктары мен пептидтері.
 
Жануар организмінің басқа тіндеріндегі сияқты, жүйке 
тіндерінде де, құрылымдық, функциональдық қызмет атқаратын жай 
және күрделі белоктар көптеп кездеседі. Мидың сұр затында суда 
еритін белоктар, ал ақ затында ерімейтін белоктар бар.
Ми тінінде жай белоктардан альбуминдер, глобулиндер,
протаминдер, гистондар т.б. болады. 
Жүйке тіндерінің күрделі белоктары - липопротеидтер, 
протеолипидтер, 
металлопротеидтер, 
гликопротеидтер 
және 


517 
фосфопротеидтердің көп болуымен ерекшеленеді. Солардың ішінен 
нуклейн 
қышқылдары, 
әсіресе 
дезоксирибонуклеопротеид, 
нейроглобулин, рибонуклеопротеидтер және нейростроминнің 
алатын орны ерекше болады. 
Сонымен бірге, жүйке тінінде жай кератинге ұқсас, 
нейрокератиндер, коллаген, эластиндер бар, бірақ бір ерекшелігі, 
олардың құрамында аргининнің мөлшері аз, олар липоидтермен 
бірге жүйке талшықтары қабықтарын түзуге қатысады. 
Соңғы кездері сүтқоректілердің ми тінінен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет