Қорытынды
Қимыл-қозғалыс- барлық тіршілік формаларына тән қасиет.
Бағытталған қозғалыс клетканың бөлінуі кезінде хромосоманың
бөлінуі,
молекулалардың
активті
тасымалдануы,
белок
биосинтезінде
рибосомалардың
қозғалуы,
бұлшықеттердің
жиырылуы және босаңсуы барысында орын алады. Бұлшықеттің
жиырылуы биологиялық қозғалғыштықтың ең жетілген түрі болып
табылады. Кез-келген қозғалыс, оның ішінде бұлшықет қозғалысы
жалпы молекулалық механизмдерге негізделген.
Бұлшықет - қозғалыс аппаратының белсенді бөлігі. Олардың
арқасында буындар арасындағы қозғалыстардың барлық түрлері
адам денесінің кеңістіктегі қозғалысы жүзеге асады және дене
бөліктерін белгілі бір дәрежеде бекітеді, дененің тік күйін ұстап
тұруға. үлкен үлес қосады. Бұлшықет көмегімен тыныс алу, шайнау,
жұту, сөйлеу механизмдері жүзеге асырылады.
Бұлшықет ішкі мүшелердің орналасуына және қызметтеріне
әсер етеді. Қан мен лимфа ағынын жақсартады, заттардың
алмасуына, жылу алмасуға қатысады.
Адам ағзасында 600-ге жуық бұлшықет бар, олардың көпшілігі
қосарланған және адам денесінің екі жағында симметриялы
орналасқан. Бұлшықет еркекте дене салмағының 42%-ын, әйелдерде
- 35%, қарттарда - 30%, ал спортпен шұғылданатындарда – 45-52% -
ды құрайды. Барлық бұлшықет салмағының 50% -дан астамы адам
дененсінің төменгі бөлімінде, атап айтқанда аяқтарда орналасқан.
Дененің жоғарғы бөлімінде 25-30%, ал кеуде мен бас сүйегінде
орналасқан бұлшықет 20-25% -ды құрайды. Десекте, бұлшықеттің
даму дәрежесі бірдей болмайды, яғни адамның дене пішініне,
жынысына, мамандығына байланысты ерекшеленеді.
Спортпен шұғылданатын адамдарда бұлшықеттің даму
дәрежесі тек, қозғалыс белсенділігінің сипатымен анықталады.
Жүйелі спортпен шұғылданатындардың бұлшықеттері құылымында
айтарлықтай өзгерістер орын алады және оның салмағы мен көлемі
өзгереді, бұл гипертрофия деп аталады. Бұлшықеттер орналасуына
қарай, сәйкес топорграфиялық топтарға бөлінеді.
Бас, мойын, арқа, кеуде, ішектің бұлшықеттері бар және
жоғарғы аяқ, иық, білек, қол, жамбас, алдыңғы, артқы бұлшықет
топтары, сонымен қатар, сыртқы және ішкі бұлшықет деп бөлуге
болады.
511
Достарыңызбен бөлісу: |