Оқулық Түркістан 022 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет408/433
Дата04.11.2023
өлшемі7,9 Mb.
#189337
түріОқулық
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   433
Байланысты:
18.08.2022-biohimiya-2-b-lim-okonchat.-variant-1

актомиозинге
ұқсас 
қышқыл белок - 
нейростенин
табылған, ол жүйке ұштарынан 
медиаторлардың бөлінуін қамтамасыз етеді. 
Мида реттеуші пептидтер (нейропептидтер) көптеп кездеседі.
Қазіргі таңда жүздеген реттеуші - пептидтер идентифицирленген.
Олар синапстық сигналдардың берілуіне, ОЖЖ-нің кең көлемдегі
қызметтерін дистантты реттеуге және психосоматикалық өзара
әрекеттесуді қамтамасыз етуге қатысады. 
Нейропептидтер 
– 
құрамында 2-50 шақты аминқышқылдары 
қалдықтары болатын өлшемі бойынша ұсақ және орташа пептидтер.
Соңғы уақытта мидың маңызды қызметтерін пептидтердің 
көмегімен басқаруға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Өте 
төмен концентрациясында жүйке тіндеріне әсер етуге қабілетті, 
пептидтер көптеп анықталды. Олар ОЖЖ-нің бірқатар қызметтеріне
Сондай-ақ нейромедиаторлар, гормондар мен фармакологиялық 
агенттердің модуляторлары ретінде әсер ете алады. Бұл пептидтер 
ОЖЖ-де локализацияланғандықтан
нейропептидтер
деп аталады.
Басқа жүйелерде клеткааралық сигналдардың берілуімен 
салыстырғанда, пептидтік жүйе ең көп (бүгінде 600-ден астам табиғи 
нейропептидтер ашылған) және полифункционалды болып шықты. 
Нейропептидтер (басқа реттеуші қосылыстармен бірге)
қызметтік үздіксіз жүйе, функционалдық континуум құрайды,. Әрбір 
нейропептидтің өзіндік биологиялық активті комплексі болады. 
Көптеген нейропептидтердің жартылай ыдырау кезеңі минуттан 
(олигопептидтер үшін) сағатқа дейін (пептидтер үшін) ауытқиды. 
Күрделі иерархиялық жүйе бар, онда кейбір нейропептидтер 
индукцирлейді немесе басқа нейропептидтердің бөлінуін тежейді. 
Сонымен бірге, нейропептидтердің өздері тікелей биохимиялық және 
физиологиялық әсерлерді шақыру қабілетіне ие индукторлар болып 
табылады. Нейропептидтердің бір бөлгі соңғы аминқышқылдары 


518 
бойынша модифицирленеді. Белгілі болған нейропептидтердің саны 
мыңнан асады. Олар 40 тұқымдасқа біріктірілген. 
Нейропептидтер жұйке ұштарындағы везикулаларда 
шоғырланған және нейрондардағы үлкен пептидті ізашарлардың 
(мысалы, проопиомеланокортин) ішінара протеолизге ұшырауынан
синтезделеді. Нейропептидтердің әрекеті құрамында G-белоктары 
болатын «баяу» типтегі рецепторлар жүйесі арқылы орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   404   405   406   407   408   409   410   411   ...   433




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет