527
ауырсынуға қарсы анальгетикалық опиоидты пептидтердің синтезіне
әкелетін гендердің каскадты транскрипциясы қосылады.
Дәл осы
биохимиялық процестер есте сақтау механизмінде маңызды рөл
атқараруы мүмкін. Көптеген нейроспецификалық белоктар:
гликопротеиндер, липопротеидтер клетка беткейінде рецепторлық
аймақтарды қалыптастыруға, клетканың
адгезиялық процестеріне
және онтогенезде клеткааралық байланыстарды қайта құруға
қатысу сияқты маңызды қызметтер атқарады.
Кейбір нейроспецификалық белоктар синаптикалық берілу
процестеріне және ұзақ уақытқа есте сақтаудың қалыптасуына
қатысады. Қазіргі таңда 200-ден астам
нейроспецификалық белоктар
белгілі. Кальций байланыстырушы нейроспецификалық қышқыл
белоктар (мысалы, цитоплазмалық глиальды белок S-100) иондарды
тасымалдауға және жадының қалыптасуына қатысады. [34].
Нейроспецификалық белоктардың ерекше тобы жүйке тіндерінің
жиырылғыш белоктары (нейротубулин, нейростенин, актин тәрізді
белоктар – кинезин т.б.) цитоқұрылымдық түзілістердің бағытталуы
(микротүтікшелер, нейрофиламенттер) мен қозғалғыштығын,
кейбір
нейрондардың белсенді тасымалдануына және синапстағы
нейромедиаторлық процестердің жүруін қамтамасыз етеді.
Нейроспецификалық белоктарға гипоталамустың реттеуші
гликопротеиндері және пептидті реттеушілердің тасымалдаушылары
болып табылатын нейрофизиндер жатады. Диагностикалық маңызы
қан сарысуындағы энолазаны анықтауда қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: