septum sinuum sphenoidalium екі жартыға бөлінеді. Осы тесіктер арқылы
ауалы қуыс кеңсірікпен жалғасады.
Жаңа туған нәрестенің ауалы қуысы өте кішкентай, тек 7 жасқа
қарай тез өсе бастайды.
Кіші қанаттар,
alae minores, екі түбірі арқылы сынатәрізді сүйектің
алдыңғы жоғарғы жиегін алға қарай және латералды шығатын үшбұрыш
пішіні екі жалпақ табақша болып табылады; кіші қанаттардың арасында
бұрын аталған көру өзектері, canalis optici, жатады. Кіші және үлкен
қанаттардың арасында жоғарғы көз саңылауы, fissura orbitalis superior
орналасады, ол ми сауытынан көзұясы қуысына қарай кетеді.
Үлкен қанаттар,
alae majores, дененің бүйір беттерінен латералды
және жоғары қарай шығады. Дененің жанында, fissura orbitalis
superior-дан артқа қарай алдыңғы жағынан қанаттәрізді таңдай
шұңқырына әкелетін дөңгелек тесік, foramen rotundum болады, ол үшкіл
нервтің, n. trigemini екінші тармағының өтуі үшін қажет. Үлкен канат
артқы жағынан сүйір бұрыш түрінде самай сүйектің қабыршағы мен
пирамидасы арасына батыңқырап тұрады. Оның жанында қырлы тесік,
foramen spinosum бар, ол арқылы a. meningae media өтеді.
Оның алдыңғы жағында едәуір үлкен сопак тесік, foramen ovale,
көрінеді, ол арқылы үшкіл нервтің үшінші тармағы өтеді.
Үлкен қанаттардың төрт беті бар: милық беті, facies cerebralis, көздік
беті, facies orbitalis, самайлық беті, facies temporalis, және жоғарғы
жақсүйектік беті, facies maxillaris. Беттердің аттары бассүйектің қай
жаққа қарап тұрғанын көрсетеді. Самайлық беті, самай асты кыр, crista
infratemporalis, аркылы самай және қанаттәрізді бөліктерге бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: