ортаңғы өзек арқылы retinaculum mm. extensorum inferius астынан аяқ
ұшы сыртымен үлкен бақайға келіп, сол жерде оның дисталды
бақайшағына бекиді және проксималды бақайшаққа да буда береді.
Қ ы з м е т і.
Аяқ ұшын жазады, оның медиалды жиегін көтеріп, үлкен
бақайды жазады. Аяқ ұшы қозғалмайтын жағдайда, басқа алдыңғы
бұлшықеттермен бірге сирақты алға қарай еңкейтеді.
Л а т е р а л д ы т о п .
1.
А с ы қ т ы
ж і л і к
ш ы б ы ғ ы н ы ң
( к і ш і
ж і л і н ш і к т і ң )
ұ з ы н
б ұ л ш ы қ е т і , т. p e r o n e u s ( f ib u la r is ) lo n g u s ,
бет жағында жатады және
кіші жіліншіктің басы мен бүйір қабырғасының проксималды үштен
бірінен, сондай-ақ сирақтың алдыңғы және артқы бұлшықетаралық
қалқалары мен шандырларынан басталады. Сіңір латералды толарсақты
артқы және томен жақтарынан айналып өтіп, retinaculum mm.
peroneorum superius астында синовиалды қапта жатады. Одан әрі өкше
сүйегі бүйір қабырғасындағы жүлгеге өтіп, сүйекте retinaculum mm.
peroneorum inferius арқылы ұсталып тұрады. Осыдан кейін сіңір аяк
үшының латералды жиегін орап өтіп, оның астындағы текше сүйек
жүлгесіне жайғасады. Сол жерде синовиалды қаппен қоршалып,
табанды қиғаш бағытта кесіп өтіп, оның медиалды жиегінде медиалды
сына тәрізді және I табан сүйектеріне бекиді.
Медиалды сынатәрізді сүйекке беку тек адамға тән (маймылдарда
жоқ), бұл сирақ пен аяқ үшы бұлшықеттерінің асықты жілік жағына
қарай ауысып, аяқ ұшының көлденең күмбезін нықталуын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: