ананың күрсагына тән түракты жағдайлары
бар бір ортадан сырткы
дүние факторлары үдайы өзгеріп отыратын баска ортаға тап болады.
Зат алмасудын сапасы да, оны іске асыратын ағзалар да өзгереді.
Қүрсақтағы кезеңде қоректену мен тынысалу ананың каны мен
плацента арқылы жүреді (плаценталык канайналым). Қүрсактан тыс
кезеңде бүл үрдістер жаңа туған баланың аскорыту және тынысалу
ағзалары арқылы атқарылады. Өкпенің
іске косылуы нәтижесінде
плаценталық қанайналым өкпелік қанайналымға ауысады.
Жеке дамудың (онтогенездің) толык циклін екі кезеңге бөледі:
1. Қүрсақішілік (пренаталды) кезең.
2. Қүрсақтан тыс (постнаталды) кезең.
Құрсақішілік кезең екіге бөлінеді:
1. Эмбриондық кезең (алғашқы 8 апта), бүл кезде дененің ересек
адамға тән ағзалары мен бөліктері қалыптасады.
2. Феталды - қүрсақтағы нәрестелік кезең, бүл кезде ол үлкейіп өсіп,
ағзалардың түзілуі аяқталады. Қүрсақтан тыс кезеңде (туғаннан кейін)
адам өмірі жас бойынша былай бөлінеді (Педагогика гылымдары
академиясының мәліметтері бойынша): I II
1. Жаңа туған нәресте
- 1-10 күн.
2.
Емшектегі бала
- 10 күн-1 жас.
3. Балғын балалық шақ
- 1-3 жас.
4. Алғашқы балалық шақ - 4-7 жас.
5. Екінші балалық шақ
- 8-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (кыз
балалар).
6. Жасөспірім шақ
- 13-16 (ер балалар), 12-15 жас (қыз
балалар).
7.
Жастық шақ
8. Толысқан шақ:
- 17-21 (бозбалалар), 16-20 жас (бой
жеткендер).
I кезең - 22-35 (ерлер), 21-35 жас (әйелдер);
II кезең 36-60 (ерлер), 36-55 жас (әйелдер);
9. Тоқтасқан (мосқал тартқан) шақ - 61 -74 (ерлер), 56-74 (әйелдер).
10. Қарттық шақ
- 75-90 (ерлер мен әйелдер).
Достарыңызбен бөлісу: