жарықтары бар сүйек шабақтарынан тұратын тұзақты тор тәрізді. Бұл
тордың сипаты сығылу және созылу сызықтарына сәйкес
осы бөліктегі
сүйек табақшаларының орналасуына байланысты.
Сүйек жүйесін рентгендік зерттеу шеміршек немесе дәнекер тін
негізінде сүйектену нүктелері
пайда болған кезде, құрсақта дамудың
2-ші айында мүмкін болады.
Сүйектену нүктелерінің пайда болуы рентгенограммада оңай анық-
талады, соның өзінде шеміршек тінмен қоршалған бұл нүктелер жеке
сүйек үзіктері сияқты көрінеді. Олар сүйектің сынуы,
жарылуы немесе
некрозы (өліеттенуі) туралы қате диагноз қоюға себеп болуы мүмкін.
Осыған байланысты сүйектену нүктелерін, олардың пайда болу мерзім-
дері мен тәртібін білудің практикалық маңызы зор. Сондықтан сүйектену
барлық тиісті жерлерде мәйіттерді анатомиялык зерттеу деректері емес,
рентгенанатомия (тірі адамды зерттеу) негізінде баяндалады.
Қосалқы сүйектену нүктелері сүйектің
негізгі бөлігімен қосыл-
мағанда, олар өмір бойы жеке тұрақсыз немесе қосымша сүйектер
түрінде сақталуы мүмкін. Оларды рентгенограммада байқау диагноз-
дық қатеге себеп болуы мүмкін.
Барлық негізгі сүйектену нүктелері қаңқа сүйектерінде пубертаттық
кезең деп аталатын жыныстық пісіп-жетілудің
басталуына дейін пайда
болады. Пубертаттық кезеңнің басталуымен эпифиздердін мета-
физдермен бітісіп өсуі, яғни сүйек эпифизін сүйек метафизімен қосатын
синхондроздың синостозға айналуы басталады. Бұл рентгенде эпифизді
метафизден бөлетін эпифиздік шеміршекке
сәйкес келетін мета-
эпифизарлық аймақта жарықтың біртіндеп жоғалуынан білінеді.
Синостоз толық аяқталғанда бұрынғы синхондроздың орнын аныктау
мүмкін болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: