Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12


p te r y g o id e u s; 11 - crista sp h e n o id a lis; 12



Pdf көрінісі
бет119/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   342
Байланысты:
анатомия

p te r y g o id e u s; 11 - crista sp h e n o id a lis; 12 
ham u lu s p terygoideus; 13 
lam.
lateralis p r o c e ssu s p terygoid ei; 14 - for. rotundum.
Бүл сүйектің мынадай бөліктері болады: 1) дене, corpus, 2) үлкен 
қанаттар, alae majores, 3) кіші қанаттар, alae minores, 4) қанаттәрізді 
өсінділер, processus pterygoideus.
Дененің жоғарғы бетінде орта сызығы бойында түрік ертоқымы, 
sella turcica болады, оның түбінде гипофиз үшін шүңкыр, fossa 
hypophysialis, жатады. Оның алдында ертокым төмпешігі, tuberculum 
sellae, оның көлденеңінен көру нервтерінің қиылысуы үшін sulcus 
chiasmatis өтеді, sulcus chiasmatis үштарында көру өзектері, canalis 
optici, көрініп түрады, бұлар арқылы көзұясы қуысынан бассүйек 
қуысына көру нервтері барады. Түрік ертоқымының артқы жағынан 
сүйек табақшасымен, ертоқымның арқасымен, dorsum sellae, шектеледі. 
Дененің, бүйір бетінен иілген ұйқы жүлгесі, sulcus caroticus, ішкі үйқы 
артериясының ізі өтеді.
Дененің кеңсіріктің артқы қабырғасының қүрамына кіретін 
алдыңғы бетінде сынатәрізді қыр, crista sphenoidalis, көрінеді, ол 
төменгі жағында өре сүйектің қанаттарының арасына еніп түрады. 
Crista sphenoidalis алдыңғы жағынан торлы сүйектің перпендикулярлы 
табақшасымен байланысады. Қырдың жандарында ауалы қуысқа, sinus 
sphenoidalis апаратын тесіктер, aperturae sinus sphenoidalis, көрінеді. 
Ауалы қуыс сынатәрізді сүйектің денесінде орналасады және пердемен,
103


septum sinuum sphenoidalium екі жартыға бөлінеді. Осы тесіктер арқылы 
ауалы қуыс кеңсірікпен жалғасады.
Жаңа туған нәрестенің ауалы қуысы өте кішкентай, тек 7 жасқа 
қарай тез өсе бастайды.
Кіші қанаттар,
alae minores, екі түбірі арқылы сынатәрізді сүйектің 
алдыңғы жоғарғы жиегін алға қарай және латералды шығатын үшбұрыш 
пішіні екі жалпақ табақша болып табылады; кіші қанаттардың арасында 
бұрын аталған көру өзектері, canalis optici, жатады. Кіші және үлкен 
қанаттардың арасында жоғарғы көз саңылауы, fissura orbitalis superior 
орналасады, ол ми сауытынан көзұясы қуысына қарай кетеді.
Үлкен қанаттар,
alae majores, дененің бүйір беттерінен латералды 
және жоғары қарай шығады. Дененің жанында, fissura orbitalis 
superior-дан артқа қарай алдыңғы жағынан қанаттәрізді таңдай 
шұңқырына әкелетін дөңгелек тесік, foramen rotundum болады, ол үшкіл 
нервтің, n. trigemini екінші тармағының өтуі үшін қажет. Үлкен канат 
артқы жағынан сүйір бұрыш түрінде самай сүйектің қабыршағы мен 
пирамидасы арасына батыңқырап тұрады. Оның жанында қырлы тесік, 
foramen spinosum бар, ол арқылы a. meningae media өтеді.
Оның алдыңғы жағында едәуір үлкен сопак тесік, foramen ovale, 
көрінеді, ол арқылы үшкіл нервтің үшінші тармағы өтеді.
Үлкен қанаттардың төрт беті бар: милық беті, facies cerebralis, көздік 
беті, facies orbitalis, самайлық беті, facies temporalis, және жоғарғы 
жақсүйектік беті, facies maxillaris. Беттердің аттары бассүйектің қай 
жаққа қарап тұрғанын көрсетеді. Самайлық беті, самай асты кыр, crista 
infratemporalis, аркылы самай және қанаттәрізді бөліктерге бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет