алмастыруы.
Кейбір ғалымдар (Раутер) скребнилерді приапулидалармен (Priapulida
класы) байланыстырады: бұлшықет - ректрактордың
көмегімен тұмсығы
тұлға бөлімінің ішіне қарай тартылып,
сыртқа созылып шығатындығымен,
сақина тәрізді және ұзына бойы созылған бұлшықеттерінің болуымен, зәр
шығару мен тұқым шығару жолдарының бірігу белгісімен.
Скребнилерді жалпақ құрттармен, нематодтармен, приапулидалармен
жақындастыратын ұқсастық белгілеріне қарап, олар ортақ бір тектен шыққан
деп ойлауға мүмкіндік береді. Қайткенде де, скребнилер жалпақ құрттардың
алшақтап кеткен бір бұтағы болуы керек деп жорамалдайды.
Жоғарыда сипатталған құрттардың төрт типі:
жалпақ құрттар
(Plathelminthes), немертиндер (Nemertini), жұмыр құрттар (Nemathelminthes),
скребнилер (Acanthocephales) төменгі сатыдағы құрттар тобын (Acoelomata
немесе Scolecida) құрайды, себебі бұлардың целом қуысы жоқ,
денесі
сегменттелмеген, қан айналу жүйесі дамымаған, сондай-ақ зәр шығару мен
нерв жүйесі қарапайым.
Целом қуысты (Coelomata) тобына буылтық құрттардан (Annelida)
бастап қалған типтердің барлығы жатады: буынаяқтылар (Arthropoda),
моллюскалар (Mollusca), онихофоралар (Опусһорһога), қармалауыштылар
(Tentaculata), тікентерілілер (Echinodermata), погонофоралар (Pogonophora),
қылтанжақтылар (Chaetognatha), жартылай хордалылар (Hemichordata) және
хордалылар (Chordata). Бүларда целом деп аталатын дененің екінші реттік
қуысы болады. Целом қуысының бірінші (схизоцель) қуысынан ерекшелігі -
целомның перитонеальды эпителиден түзілген арнайы қабаты болуында.
Достарыңызбен бөлісу: