паренхимула
Планула сопақша келген, денесі кірпікшелермен қапталған, соның
көмегімен суда біршама уақыт еркін жүзіп жүреді де, су түбіндегі
субстрактқа бекінеді. Оның ауыз тесігі, қармалауыштары, гастраль қуысы
қалыптасып, кос қабатты құрылысты жас гидрополипке айналады. Ол өсіп,
жыныссыз көбеюдің нәтижесінде гидрант және медузалық бүршіктерді беріп
колония құрайды. Сөйтіп теңіз гидроидты полиптер ұрпақ алмасу (метагенез)
жолымен, яғни жыныссыз көбею мен жынысты көбеюдің кезектесіп отыруы
арқылы дамиды. Осындай даму кезінде құрылысы мен көбею әдісі жағынан
ерекшеленген екі түрлі ұрпақ алмасады. Біріншісі гидрополиптер, бекініп
тіршілік ететін, тек қана жыныссыз жолмен көбейіп полиптер мен
медузаларды қалыптастыратын формалар. Екіншісі - гидромедузалар, еркін
тіршілік ететін, тек қана жынысты жолмен көбейіп гидрополиптерді
қалыптастырады. Осыған орай гидрополиптік ұрпақ жынысты жолымен
пайда болады да, өзі жыныссыз көбейіп гидромедузаларды қалыптастырады,
ал жыныссыз жолымен пайда болған гидромедуза жынысты жолмен көбейіп
гидрополиптерге бастама береді (39-сурет).
Ұрпақ алмасудың биологиялық маңызы - түрлердің таралуына
мүмкіндік береді.
Кейбір гидроидтылардың даму сатысында бір ұрпақтың басым болып,
екіншісінің жарым-жартылай редукцияға ұшырауы байқалады. Мысалы,
Athecata отряд тармағының өкілдерінде дамыған медузалы ұрпақтары
колониядан үзілмей, бластостильде қалады да, сол жерде редукцияға ұшырап
медузоида, гонофора немесе споросак деген формаларына айналады (40-
сурет). Медузоида мен гонофора формалары кәдімгі медузаға ұқсас, тек ауыз
тесігі, көзшелері, статоцист мүшелері дамымаған. Споросак - іші жыныс
клеткаларына толған шар тәрізді.
Trachylida отрядының өкілдерінде медузалық ұрпақ басым болып,
планула личинкасы субстратқа бекінбей бірден медузаға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: