заттарға бекініп тіршілік етеді. Еркін қозғалатын коловраткалар - Brachionis,
Synchaeta, Conochilus, Rattulus туыстарының өкілдері. Бекініп тіршілік ететін
түрлерінің көпшілігі кілегей қабықты түтіктерді жасап, соның ішінде
отырады. Бұлар - Stephanoceras, Floscularia, Melicerto туыстарының өкілдері.
Топырақтарда, мүктерде, ал кейбір түрлері паразитгік тіршілік етуге
бейімделген. Мысалы, Diglena volvocicola вольвокс колониясында
мекендейді.
Коловраткалар кеуіп, құрғап қалған жағдайда анабиоз күйіне ауысады
да, бірнеше жыл бойы өмір сүреді және осы күйде кең таралады.
Коловраткалардың басқа организмдерге қорек ретінде маңызы зор.
Коловраткалар
кірпікшелі
айналмалы
аппаратымен,
протонефридияның
құрылысымен,
жер бауырлап
қозғалатынымен
турбеллярилерге ұқсас. Кейбір авторлар коловраткалар турбелляриялардан,
соның ішінде тік ішектілерден - Rhabdocoelaлардан пайда болды деп
санайды.
Коловраткалар құрылысы жағынан (схизоцель қуысы, тері-бұлшықет
қапшығының жоқтығы,
кірпікшелерінің болуы, протонефридияның
құрылысы) құрсақ кірпікшелілер класына жақын. Негізгі белгілерімен
коловраткалар жұмыр құрттар типіне жатады.
Достарыңызбен бөлісу: