Дамуы метаморфоз (кенет өзгеруі) жолымен жүреді. Ересек түкті
құрттардың
денесі ұзын, қоңыртүсті, су түбінде еркін жылжып немесе су
астындағы өсімдіктердің төңірегінде оралып жатады. Жыныстық жағынан
жетілген аналықтары ұрықтанып жұмыртқаларын салады да,
содан кейін
өздері өледі. Жұмыртқадан шыққан личинка ересек түрінен өзгеше. Денесі ақ
түсті, сырты көлденең сақина тәрізді буындалған кутикуламен қапталған,
қылтанақты қозғалмалы тұмсығы болады. Личинканың ұзындығы 0,1-0,4 мм
(85-сурет). Олар біраз уақыт суда немесе ылғал жерде өмір сүріп, кейін
қылтанақты тұмсығы арқылы аралық иесінің (насекомдардың судағы
личинкаларына)
терісін тесіп, дене қуысына енеді. Енді, ары қарай даму
үшін, личинкалар негізгі иесі құрлықта тіршілік ететін насекомдардың
денесіне енуі қажет. Насекомдарға судағы инвазиялы личинкаларды жеу
арқылы жүғады. Оның ішегіне түскен құртгың личинкасы ішекті тесіп дене
қуысына өтеді де, өсе бастайды. Есейіп үлкен күйге жеткен соң олар иесінің
денесінен шығып суға түседі. Суда ересек түріне айналып,
жоғарыдағы
айтылған даму циклін қайталайды.
Түкті құрттар класы екі отрядқа бөлінеді: Gordioidea және
Nectonematoidea. Gordioidea отрядының негізгі өкілі - Gordius aquaticus тұщы
суларда кең тараған, насекомдардың паразиттері. Nectonematoidea
отрядының,
Nectonema
туысының
өкілдері теңізде кездеседі,
шаянтәрізділердің паразиттері.
Түкті құрттардың филогениясы нашар зерттелген. Жалпы түрі,
кутикуласының, тері-бұлшықет қапшығының, жыныс бездерінің құрылысы
жағынан нематодтарға ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: