Кірпікшелі шұңқырлар - хеморецепторлары.
Құрсақ кірпікшелілер дара жыныстылар немесе гермафродиттер.
Жыныс бездері көбіне жұп болады. Жыныс тесігі аналь тесігінің алдында
орналасады. Ұрықтануы іштей өтеді.
Құрсақ кірпікшелілер класы екі отрядқа бөлінеді: Chaetonotoidea -
тұщы суларда кең тараған; Macrodasioidea - теңіз жануарлары. Су түбінде
тұнбаның ішінде қорегін (ұсак. жәндіктерді) іздеуде шапшаң қозғалады,
кейде субстратқа бекініп тіршілік етеді.
Құрсақ, кірпікшелілердің турбеллярияларға, соның ішінде Rhabdocoela-
ға жақындастыратын ұқсастық белгілері бар. Екеуінде де бір қабатты
эпителий және кірпікшелері бар, тері бездерінің, протонефридияның, жыныс
жүйесінің құрылысы ұқсас.
Сонымен қатар, денесіндегі кутикула қабаты,
алғашкы дене қуысы, ас қорыту жүйесіндегі
аналь тесігі, кейбір түрлерінің
дара жынысты болуы құрсақ кірпікшелілерді нематодтарға жақындатады.
Бұлардың бүкіл жұмыр құрттар типінің филогениясын түсінуге қажетті
маңызы бар.
84-сурет.
Құрсақ кірпікшелі құрттар: А - сыртқы көрінісі (қүрсақ жағынан); Б -ішкі
құрылысы; В - тұщы суда тіршілік
ететін Chaetonotus maximus; 1 - ауыз, 2 кілегейлі
бездер, 3 - кірпікшелі шұңқыр, 4 - қылтандар, 5 - кірпікшелер, 6 - протонефридия, 7 - зәр
шығару тесігі, 8 - аталық жыныс тесігі, 9 - аналық жыныс тесігі, 10 - аналь тесігі, 11 -
ганглий, 12 - нерв бағанасы, 13 - жұтқыншақ, 14 - өңеш, 15 - ортаңғы ішек, 16
- аталық без,
17 - аталық жол, 18 - жұмыртқа, 19 - жатын, 20 - аналық жол
Достарыңызбен бөлісу: