Тест тапсырмалары
Қайсысы мөлшер үстеуі?
А. Кеше, бүгін
В. Алыста, әріде
С. Осыншама, мұншама
Д. Аса, тым
Е. Әдейі, қасақана
Сын-қимыл (бейне) үстеуді белгіле
А. Жеті, он
В. Ақырын, жылдам
С. Аққу, көкқұтан
Д. Мен, біз
Е. Оқыды, сөйледі
Мөлшер үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?
А. Қаншама?, қаншалап?
В. Қалай?, қайтіп?
С. Қандай?, қай?
Д. Неге?, неліктен?
Е. Не үшін?, не мақсатпен?
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?
А. Кім?, не?
В. Қандай?, қай?
С. Қашан?, қайда?
Д. Кімше?, қалай?
Е. Не істеді?, қайтті?
Күрделі үстеуді белгіле
А. Онша, мұншама
В. Кеше, жаздыгүні
С. Бірталай, бірқыдыру
Д. Сонша, талай
Е. Мұнша, соншалық
Тақырыбы: Күшейткіш, мақсат, себеп-салдар үстеулері
І кезең
Ұйымдастыру кезеңі
1.Төменде берілген үстеулерді бағандарға топтастырып жаз.
Етбетінен, мұнша, соғұрлым, орысша, қазақша, бірталай, біраз, ақырын, тез, талай, қыруар, жүресінен, неғұрлым.
Сын-қимыл (бейне) үстеулері
|
Мөлшер үстеулері
|
|
|
2. Мөлшер, сын-қимыл (бейне) үстеулері қандай сөз табымен байланысады? Мысал келтіріп дәлелде.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ кезең
Төменде берілген үстеулерді сұрақ қоя отырып, мағыналарына қарай бағанға топтастырып жаз.
Аса, өте, әдейі, босқа, бекерге, нағыз, керемет, лажсыздан, амалсыздан,
әдейілеп, қасақана, орасан, ерекше, құр босқа.
Күшейткіш үстеулер
|
Мақсат үстеулер
|
Себеп-салдар үстеулер
|
|
|
|
Төмендегі берілген сөйлемдердегі сұрақтардың орнына күшейткіш,
мақсат және себеп-салдар үстеулерін қойып жаз. Қандай сөйлем мүшесі болатынын анықта.
Біздің Мейрам (қалай?) сөйлейді. Әсем сөйлеуді (не мақсатпен?) үйренген.
Оның сөйлеу шеберлігіне (қандай?) қызыққан жолдастары одан бұның сырын сұрады. Көркем сөйлей білу (қандай?) көп оқуды, (қандай?) еңбектенуді талап етеді. Оның көп жылдар еңбектенгені (неге?) кеткен жоқ.
Керек сөздер: аса, әдейі, керемет, тым, құр босқа, ерен.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әбден, нағыз, бекерге, амалсыздан, әдейі, қасақана деген күшейткіш, мақсат және себеп-салдар үстеулерін қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жаз.
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ендеше, күшейткіш үстеуі ________________________________________
________________________________________________________білдіреді.
Мақсат үстеуі ____________________________________________________
________________________________________________________білдіреді.
______, _________,_________, _________, ________сұрақтарға жауап береді.
Себеп-салдар үстеуі деп_______________________________________
__________________________________________________________білдіреді.
______, _________,_________, _________, ________сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сабақты бекіту жұмысы
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Мәтіннен күшейткіш үстеулерді, мақсат үстеулерін тіркескен сөзімен бөлек-бөлек теріп жазып, сұрақ қой, сөйлемде қандай мүше болып тұр?
Жайлаудағы ең төрі өріс пен күзектегі ең жарық, шеткі қоныстар Құнанбай ауылдарына қарайды. Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған. Осындай сырт ажарында тіпті тірлік белгісі жоқ, суық қабақ, жабырқау ауылға үш салт атты келді…
Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді… Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Абай мен оның барлық үй- іштері, әсіресе, іні- шәкірт, достары үшін ең бір қадірлі әбігер. Бұның себепшсі - Әбіш. Бүгін "туған аулына" келеді деп, әдейілеп тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын. Абай жиынның қақ ортасында тұр. (М.Ә.)
Күшейткіш үстеулер:___________________________________________
_____________________________________________________________
Мақсат үстеулер:_______________________________________________
2. Тіркескен сөзімен себеп-салдар үстеулерді теріп жаз, құрамына талда, сұрақ қой.
Мана үйде бірер әнді айтқанда Балуанның дауысы зор сияқты емес еді, енді амалсыздан сол әнді қайта айтқанда, дауысы жас емес, мөлдір судай кіршіксіз дауыс. Әдемі әнді құмарта тыңдаған қалың жұрт лажсыздан таң ата у-шу болып тарқады.
Мұншама адамды сыйғызатын ешбір үй болмағандықтан, амалсыздан ән далада, қалың құмның арасында айтылды. Кененнің әнін сүйсіне тыңдағанда, Балуанның байқағаны ажырасқан аз жылда жас әнші бірталай ән шығарып тастапты. ( С.М.)
______________________________________________________________
_____________________________________________________________
_______________________________________________________________ _______________________________________________________________
ІІ деңгей
Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып жаз.
Бекер. Амалсыздан. Жылдам. Ертеде. Орасан.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Сын есім сұрауларына, әрі сын есімнің алдына келетін үстеулерді ойлап жаз. Сөз тіркесін құра.
Үлгі: ерекше қиын тапсырма, кілең…
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________________
3. Құрамында 2 т, 2 н, 3 е әріптері бар үстеулер тауып жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________
ІІІ кезең
Күшейткіш, мақсат, себеп-салдар үстеулерін қатыстыра отырып, сықақ не қызық оқиғалы әңгіме жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________
Есіңе сақта!
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп, я солғындатып көрсетеді.
Күшейткіш үстеулерге ең, сәл, тым, дәл, ылғи, әбден, кілең, аса, өте, өңкей, мүлдем, жөнсіз, орасан, т.б. сөздер жатады.
Құрамы жағынан негізгі түбір болып келеді.
2. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай?, не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді.
Мақсат үстелерге: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана, т.б. сөздер жатады.
3 Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді де, не себепті?, неге?, қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп-салдар үстеуіне: босқа, бекерге, текке, құр босқа, құр бекерге, тектен-текке, т.б. сөздер жатады.
|
Тест тапсырмалары
1. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсет.
А. Жаңа келді.
В. Осыншама кісі.
С. Сонша көп.
Д. Тіпті ұзақ.
Е. Көп халық.
2. Мақсат үстеулі тіркесті көрсет.
А. Қасақана тиісті
В. Зорға қозғалады.
С. Үдей соқты.
Д. Тез қимылдады.
Е. Әрқашан біргеміз.
3. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсет.
А. Дереу жетті.
В. Етпетінен жығылды.
С. Амалсыздан көнді.
Д. Жорта сөйледі.
Е. Тез келді.
4. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсет.
А.Соншалық ұзақ.
В. Онша ұзақ емес.
С. Тіпті ұзақ емес.
Д. Ұзақтан келді.
Е. Әдейі келді.
5.Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсет.
А. Бірден келді.
В. Бірен-саран адам.
С. Босқа келді.
Д. Жорта сөйледі.
Е. Тез келді.
6. Мақсат үстеулі тіркесті көрсет.
А. Тез айныды.
В. Нағыз қасқыр.
С. Алға түсті.
Д. Әдейі айтты.
Е. Тым ұзақ.
7. Себеп-салдар үстеуін тап.
А. Лажсыздан.
В. Қасақана.
С. Орасан зор.
Д. Ала жаздай.
Е. Күні-түні.
Өздік жұмысы
1. Үстеулерді тауып, мағынасына, тұлғасына қарай талда.
Ағасының баласы "сот" болғалы, бұл екеуі, айрықша қырғи қабақ (Ә.Нұрп). Көтеріңкі қырлы мұрын, жұқа еріндері мен Абайша біткен жіп-жіңішке қара қасы Әбішті өз тұқымының ең сұлу жасы дегізгендей. Мөлдір салқын жіңішке өзен жағасында оқта-текте кішілеу жас тал-теректер кездеседі. Жазға салым сүр жесу, қыдырып қонақ болысып, сақтаған сыбаға жеу бар ғой. (М.Ә.). Ойға шомып келе жатып, байқамай қалған екенмін, етпетінен құлаған Айдарбектің аяғын басып кеттім.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Мәтіннен көп нүктенің орнына сөздердің қосарлануынан жасалған үстеулерді қойып жаз. Оның емлесіне көңіл аудар.
_______ қара жерге жасыл кілем төсегендей. Топтанысып, _________ болып, әркім өзінің мерзімді жұмысына жөнелді. Жұмыскерлердің ә дегенде көбірек екпіндеп сыбырлаған сөздері, ________ сықақ қылған күлкілері _______ азайды. Әр жерден, _________сөздер, ат айдаған дыбыстар естіледі. Жаңбыр ________ашыла бастады. Бұлттың арасынан күннің көзі _______ дегенде көріне бастады.
3. Жаздыгүні, таңертең, ендігәрі, қыстыгүні, әлдекімше, әрең-әрең, ауызба-ауыз, алды-алдына, бірте-бірте, біртін-біртін үстеулерін қатыстырып сөйлем құра. Үстеулердің емлесін есте сақта.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Мына үстеулерге қарсы мәнді үстеулер тауып жаз.
Ілгері-… Жоғары-… Бұрын-… Әрі-… Мұнда-…
5. Төмендегі үстеулерге мағынасы жуық үстеулер тауып жаз.
Баяғыда. Тым. Тұтқиылдан. Жол-жөнекей. Жылдам.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Фразеологиялық және түсіндірме сөздіктерден 10 үстеу (беретін мағынасымен) теріп жаз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тақырыбы: Үстеулердің емлесі мен сөйлемдегі қызметі.
І кезең
Ұйымдастыру кезеңі
Үстеулердің категориялық мағыналарына 3 үстеуден жаз, сұрақтарын қойып отыр.
Сындық (бейнелік) үстеулері: (қалай?)____________________________
Мезгіл үстеулері: ______________________________________________
Мөлшер үстеулері:_____________________________________________
Күшейткіш үстеулері:___________________________________________
Себеп-салдар үстеулері:_________________________________________
Мекен үстеулері:_______________________________________________
Мақсат үстеулері:______________________________________________
ІІ кезең
Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау
дағдысын қалыптастыру кезеңі
Орфографиялық сөздікті пайдалан
а) Қосарлану арқылы жасалған үш үстеу жаз.
Үлгі: Боста-босқа, ________________________________________________
ә) Бірігу арқылы жасалған үш үстеу жаз.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
б) Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үш үстеу.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Сонымен, қосарланған үстеулер (қалай?) __________________ жазылады.
Біріккен үстеулер ________________________ жазылады, сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеу _____________________ жазылады.
Біріне-бірі мағынасы жуық мөлшер үстеулерін тауып жаз. Олар сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер болсын.
Үлгі: бірталай ___________________________________________________
________________________________________________________________
Мына сөздердің мағынасын білдіретін үстеу тауып жаз. Олар қалай жазылады?
Ертеңгі уақыт ____________________________________________________
Ертеңнен арғы күн________________________________________________
Бұдан былай_____________________________________________________
Осы жылы_______________________________________________________
Жұлдыз сияқты__________________________________________________
Жерге бетін бере жығылу__________________________________________
Мына үстеулермен сөйлем құра, емлесіне назар аудар.
Бір ауыздан, ішінара, ала жаздай.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
ІІІ кезең
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
Төмендегі тапсырмадан үстеулерді тіркескен сөзімен әрі жазылу емлесіне қарай жіктеп жаз.
Мысалы: Дефис арқылы жазылған үстеулер:
Бірігу арқылы:___________________________________________________
Тіркесу арқылы: __________________________________________________
Дара үстеулер:___________________________________________________
Тапсырма: Бағана көңілін алаңдатып, алабұрта берген ой әлсін-әлсін қабаттасып келіп, тосыннан киліге жөнелді. (Б.Т.) Әр есіктің алдында бір-бір қазан ошақ таңертеңнен қара кешке дейін дамыл таппай түтіндеп, бықсып жатқаны. (Б.Т.) Күн сайын жазғытұрым шыққан гүлдей, жақсы түрге енемін өзім білмей. (С.Т.)
Мына тіркестерде үстеулер қай сөз табымен тіркесіп тұр, қандай сұрақ қойылады және қандай белгілерді аңғартады? Етістікпен, зат есіммен, сын есіммен тіркескендерді бөлек-бөлек жаз.
Шұғал тұрды, орасан үлкен, ерте оянды, жол-жөнекей айтылды, недәуір кітап, тым биік, әжептәуір киім.
Етістікпен тіркескен үстеу:_______________________________________
________________________________________________________________
Сын есіммен тіркескен үстеу: ______________________________________
________________________________________________________________
Зат есіммен тіркескен үстеу: ______________________________________
________________________________________________________________
Мәтіннен үстеулерді тап, сұрақ қой да, сөйлемдегі қызметін анықта.
Бұл бағана кеште Құнанбайдың қасында тұрған қаба сақал, қара Қамысбай еді. (М.Ә.) Бүгін бірінші рет әдейі алғызып отыр. (Б.Т.) Тал түсте үйіне зорға жетті.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
ІІ деңгей
1. Мына үстеулерді қатыстырып, сөйлем құра. Сұрағын қойып, сөйлемдегі қызметін анықта.
Аса, лек-легімен, алдыңғыгүні, әдейілеп, шарасыздан.
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Төмендегі үстеулердің әр түрлі сөйлем мүшесі болып тұрғанына назар аудар, сұрақ қой.
Мысалы: 1-баған қалай? 2-баған қанша?
2-бағандағы үстеулер _________________ тіркесіп, ____________________ деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде _____________________ болады.
Сонымен үстеулер етістікпен тіркесіп, _________________________.
Үлгі бойынша екі мысалды өзің жаз.
Мысалы: Бүгін келді _____________________________________________
Зат есіммен тіркесіп, зат мөлшерін білдіріп, ____________________ болады.
Сын есіммен тіркесіп, сын сапасын, мөлшерін білдіріп, _________________ болады.