Оқулықпен жұмыс 27 Пайдаланылған әдебиеттер 31



бет2/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#25066
түріОқулық
1   2   3

Үлгі: ит арқасы қиянда - алыста.

Қас пен көздің арасында, ат шаптырым жер, түн баласында, құлан таза, елден ала бөтен.

________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей
1.Төмендегідей үстеулермен сөйлем құр. Олар қандай мағына үстейді екен? Сұрағы қандай?

Қолма-қол, бетпе-бет, алды-артын, көзбе-көз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2. Үстеулерді құрамына қарай топтастыр, жасалу жолын жақшаға жаз (бірігу, қосарлану, тіркесу, қосымша).

Олар ертең ерте жүретін болды. Жылқы болса күндіз-түн қыр отына жайылып жүргендіктен, енді ылдиға қарай ұмтыла түсті. Түнде, қызыл іңірде… ұйқыға әдейі кеткен бұл топ күн шыққанша тұрмай жатқан. Үшеуі де жүзбе-жүз келгенде, Абайдан ығып жүретін туыстар. (М.Ә).



Үлгі: негізгі үстеулер:_____________________________________________

Туынды үстеулер: ________________________________________________

Күрделі үстеулер: ________________________________________________
ІІ деңгей

1)


1




ү













Ү






















2













-




С






















3



















Т


































4







Е




-







е







5




у







-




У






















  1. Тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеу.

  2. Қосарлану арқылы жасалған күрделі үстеу.

  3. Біріккен күрделі үстеу.

  4. Қалай? деген сұраққа жауап беретін күрделі үстеу.

  5. Қосарлану арқылы жасалған күрделі үстеу.




  1. Мақал-мәтелдерге үстеулерді қосып жаз.

Тиісті үстеулер: бұрын, бастан, жастан, тал түсте.

  1. Адаспаймын деген адам ______________ адасады.

  2. Келіннің бетін кім _____________ашса, сол ыстық.

  3. Баланы __________, әйелді ____________.


ІІІ деңгей

Үстеулерді қатыстырып, ертегі жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Күрделі үстеулер - я бірігіп, я қосарланып, я көп сөздерден тіркесіп тұрақтанған үстеулер.

  2. Идиомаланған тұрақты тіркестерден де үстеулер болады.

Мысалы: елден ала бөтен, томаға тұйық, т.б.

  1. Қосарланған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жасалады.

Мысалы: күліп-ойнап,

  1. Бірігу, тіркесу арқылы жасалған үстеулер жеке-жеке жазылады.

Қас қаққанша, сол бойда.



Тест тапсырмалары

  1. Күрделі үстеуді тап

  1. Шапшаң

  2. Жоғарыдан

  3. Әдейілеп

  4. Бүрсігүні

  5. Құсша.

  1. Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді көрсетіңіз.

  1. Келіп-кету

  2. Бала-шаға

  3. Он-он бес

  4. Жол-жөнекей

  5. Келсе-келер.

  1. Күрделі үстеуі бар сөйлемді тап.

  1. Ол қайта-қайта қарады, бірақ танымады.

  2. Бәріміздің өміріміздің басталуы.

  3. Жаздың көркі енеді жыл құсымен.

  4. Қазір жалғызбын ғой.

  5. Мұнда бір салқындық бар.

  1. Қосарлану арқылы жасалған үстеуді табыңыз

  1. Екіншәрі, таңертең

  2. Бармайынша, келмейінше

  3. Қысы-жазы, анда-санда

  4. Қаланы, үйді

  5. Тым жас.

  1. Күрделі үстеуді тап.

  1. Мұншалық, соншалық

  2. Қас қағым сәтте; көзді ашып жұмғанша

  3. Ата-ана, ауыл-аймақ

  4. Бүгін, кеше

  5. Келгелі, көргелі.



Тақырыбы: Үстеудің мағыналық түрлері

Мезгіл және мекен үстеулері



І кезең

Ұйымдастыру кезеңі
1. Төмендегі сызбаны күрделі үстеулердің жасалу жолына қарай өзің мысал келтіріп, толтыр.



Күрделі үстеу

Тіркесуі арқылы

Қосарлануы арқылы

Бірігуі арқылы








ІІ кезең

1. Берілген үстеулерге сұрақ қой, мағыналарына қарай сызбаға топтастыр.

Әрең, керемет үлкен , алға, әжептәуір, аса, тым, әдейі,былтыр, таңертең,талай, басқа, емін-еркін, әрі, амалсыздан, бірте-бірте, бүгін, жоғары, қазақша, ертеден кешке дейін.





Мезгіл

(қашан?)


Мекен

(қайда?)


Сын-қимыл

(қалай?)


Мөлшер

(қанша?)


Күшейткіш

(қандай?)



Мақсат

(не мақсатпен?)



Себеп-

салдар (неліктен?)























  1. Ендеше, үстеу мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді екен. Мынандай мағыналық түрлері бар: ________ , ________ ,________ , _________ , __________ , ____________ , _______________ .

3. Асты сызылған үстеулерге сұрақ қоя отырып, мағынасын анықта. Үстеудің қай түріне жатады?

Биыл мен 6 сыныпты бітіремін. Бүгін өте көңілдімін. Өйткені ертең ауылға барамын. Кеше автобусқа билет алып қойғанмын. Автобус таңертең жүреді. Атам мен әжемнің қасында күні бойы боламын.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



4. Мына үстеулерге сұрақ қой. Іс-қимылдың қандай сипатын білдіретінін анықта, үстеудің қай түріне жататынын ажырат. Сөз тіркесін жаса.

Ілгері, әрі, арттан, алды-артынан, осында, мұнда, әрменірек, берірек.

Үлгі: артта қалды.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ендеше , мезгіл үстеуі____________________________________________

_______________________________________________________ білдіреді.



Мынадай сұраққа жауап береді : ________, _________,

Мекен үстеуі ____________________________________________________

_______________________________________________ ________білдіреді.

Сұрағы:_________________, _______________________.



5. Мезгіл, мекен үстеулерді тіркескен сөздерімен теріп жаз да, сұрағын қойып, қай сөйлем мүшесі екенін анықта.

Жолшыбай жат ел. Ар жағы - Қызылжар. Кешірек ауа жел бәсеңдеп, бұлт ыдырай бастады… Біз ілгері жүріп кеттік. Есілдің тұс- тұсынан ағылған халық көз тұндырады.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жаңа сабақты бекіту жұмысы


  1. Үстеуді мағыналық тобына, тұлғасына қарай ажырат.

Бұдан бұрынғы екі күндік жолда үлкендер жылдам жүрмей, баланың шыдамын әбден тауысқан-ды. Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абай-ды. Абай жалт қарап барып, жаңа көрді. (М.Ә). Тал түсте үйіне зорға жетті. Бәрі де Нұртаза мен Мұсабайдан төмен отырды. (М.Ә.). Күндіз өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді.(Ғ.Мұст.).

Үлгі: жылдам - негізгі үстеу, қалай? сын-қимыл.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________


ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей
1. Көп нүктенің орнына мезгіл үстеулерді қойып жаз.

Парк

… заманда адамдар үйлерінің маңына көкініс, жеміс ағаштарын, емдік өсірген. … олар көркімен көз тартатын небір әдемі өсімдіктерді еге бастады. ….. бастап, парктер дүниеге келген.



II деңгей

1. Мына тұрақты тіркестердің мағынасын анықтап жаз.

Кісі аяғы басылғанда, шай қайнатым, сүт пісірім, ит өлген жерде, ит арқасы қияңда, көз байлана.



_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. а) Мынадай үстеулер қай жұмбақтарда кездесетін еді? Мағынасына қарай бұлар қандай үстеулер?

а) Таңертең, түсте, кешке;

ә) Таң атқанша, таң атқан соң;

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


б) Кейін, содан үстеулерін бірде мекендік, бірде мезгілдік мағынада қолданып, әрқайсына екіден төрт сөйлем ойлап жаз.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
ІІІ денгей

Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, «Таңғажайып оқиға» тақырыбына шағын әңгіме жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Үстеулер білдіретін мағынасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 1) мезгіл үстеуі; 2) мекен үстеуі; 3) сын-қимыл (бейне) үстеуі; 4) мөлшер үстеуі; 5) күшейткіш үстеуі; 6) мақсат үстеуі; 7) себеп-салдар үстеуі.

  2. Мезгіл үстеулері қимылдың жалпы мерзімін я дәлді мезгілін білдіреді де, қашан? Қашаннан сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: әсте, ертеден, кейде, таңсәріде, әрқашан. т.б.

Мекен үстеулері қимылдың орнын(мекенін), бағытын білдіреді де, қайда?, қайдан? сияқты сұрауларға жауап береді. Мысалы: тысқары, жол-жөнекей, әріде, әрмен, жоғары, төмен, т.б.



Тест тапсырмалары
1. Мезгіл үстеумен тіркескен тіркесті тап.

а) Ежелден таныс.

в) Тауып алды.

с) Отыз адам.

д) Жаңа киім.

е) Жақсы белгі.

2. Мезгіл үстеулі тіркесті көрсет.

а) Жоғары өрледі.

в) Ышқына соқты.

с) Қысы-жазы үзілмейді.

д) Ілгері кетті.

е) Сабақ бітті.

3. Мекен үстеулі тіркесті көрсет.

а) Былтыр көрген.

в) Тағы да келді.

с) Ілгері жылжыды.

д) Ала жаздай ән салды.

е) Ән айтыпты.

4. Мезгіл үстеуді тап.

а) Тым.


в) Аса.

с) Жазда.

д) Шапшаң.

е) Сонша.

5. Мекен үстеуін тап.

а) Ертең.

в) Былтыр.

с) Жоғары.

д) Сонша.

е) Жедел.

6. Мекен үстеуін тап.

а) Әжептәуір.

в) Анағұлым.

с) Кенеттен

д) Амалсыздан.

7. Мезгіл үстеуін тап.

а) Тұс-тұстан.

в) Ежелден.

с) Әбден.

д) Осыншама.

е) Әдейі.

8. Мекен үстеулі тіркесті көрсет.

а) Биыл алды.

в) Осыншама ауыр.

с) Төмен түсті.

д) Ең биікке ұшты.

е) Әдейі айттым.

Тақырыбы: Мөлшер, бейне үстеулері

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі


  1. Берілген сызбаға тиісті үстеулерді жаз.




Мезгіл

Мекен

Сын-бейне

Күшейт-кіш

Мақсат

Себеп-салдар

Мөлшер
























2. Көп нүктенің орнына тиісті мезгіл, мекен үстеулерді жаз, сөйлемде атқаратын қызметін анықта.

1. … Торғын шықты. 2. … жиын басталды. 3. Ішінен қалпақ киіп біреуі … шықты. 4. … әсіресе қатқан дария.

5. … киліккен жігіттердің аттары әп-сәтте ойнап шыға келеді. 6. … тарта жөнелді.

ІІ кезең

Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдысын

қалыптастыру кезеңі


  1. Төменде берілген екі бағандағы үстеулерді бір-бірімен салыстыр. Қай баған іс-әрекеттің мөлшерін, қайсысы қимылдың бейнесін білдіріп тұр. Сұрақ қой. Түрін анықта.




Сонша, бірен-саран,

Бірталай, онша,

Мұншама, осыншама,

Анағұрлым, көптеген

Осылай, олай-бұлай,

өзінше, әлінше,

лезде, шалқасынан,

жатпай-тұрмай, өздігінен



________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
2. Жоғарыда берілген әр бағаннан үш-үштен үстеулерді алып, алты сөз тіркесін жаса. Сұрақ қой.

Үлгі: көптеген жұмыс. Үлгі: әлінше көмектесті.

(қаншама жұмыс?) (қалай көмектесті?)

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
3. Көп нүктенің орнына іс-әрекеттің мөлшерін және сын-қимылын (бейне) білдіретін үстеулерді жаз.

Дара Күрделі

………. тоқтады ……….. тоқтады

………. үлкен ……….. үлкен

.……….уақыт ……….. уақыт

……….. тосты ………… тосты

……….. қуанды ………… қуанды


Ендеше мөлшер үстеуі ______________ _____________ білдіреді.

_________ ________ сұраққа жауап береді.

Сын-қимыл (бейне) үстеуі ________ __________ білдіреді.

______ _______ сұраққа жауап береді.


Жаңа сабақты бекіту жұмысы
Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына мөлшер үстеулерін тауып жаз. Сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта.

Біз күткен поезд мезгілінен … кешігіп, түн ортасы ауа келді. Адам деген … қиындыққа төзеді деп кім ойлаған?! Түн әлі де … қараңғы. Күндіз … жобалап қойған тас жолмен вокзалға жаяу тартып келем. Вагон ішіндегі адамның көптігі…бөшкеге толтырып салған балықтай екен.

  1. Көп нүктенің орнына сын-қимыл (бейне) үстеулерін қойып жаз.

Біз елден шықанда, күн де сәскелікке жақындап еді. Асан екеуіміз… әңгімелесіп келеміз. Жел … еді. … алдымыздан ауыл көрінді.…дегенде ауылдың шетіне таяу келіп тоқтадық.Қыз-бозбалалар …сөйлесіп тұр. Дереу бізді көріп, …үйге тарқаса бастады. Біз үйге кірдік. Үйдің іші…адам. Жастар бір… әзілдесіп отыр екен.(Б.Майлин.)
ІІ деңгей

1. Жұмбақтың шешуін тап. Құрамындағы үстеуді тауып, мағынасын, тұлғасын ажырат.

Қазша қанатын жазады,

Үйрекше мойнын созады.

Құсша қонады.



________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
2. Бір-біріне мағынасы жуық мөлшер үстеулерін тауып жаз. Олар сөздің бірігуі арқылы жасалған үстеулер болсын.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
ІІІ деңгей
Төменде берілген мөлшер, сын-қимыл (бейне) үстеулерін қолдана отырып, әңгіме құрастыр.

әжептәуір, лезде, біраз, осылай, өйтіп-бүйтіп, бірталай.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Мөлшер үстеулері түрлі қатынасты я жалпылап, я мөлшерлеп немесе қимылдың және сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін білдіреді де, қанша?, қаншалық?, нешелеп?, қаншалап?, сияқты сұрауларға жауап береді.

Мөлшер үстеулеріне: онша, сонша, осынша, оншалық, соншалық,

осыншалық, мұншама сөздері жатады.



  1. Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп, қалай? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жасалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді т.б.

Сын-қимыл (бейне) үстеулері де құрамды жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.



Каталог: uploads -> doc -> 0866
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0866 -> Сабақ №1 Күні: 11. 2016ж. Тренер: Назарбекова Ф.Қ. 1-сабақ- 1сағ. 30 мин. 2-сабақ- 1сағ. 30 мин
0866 -> Мерзім: 29. 04. 2016 жыл Тақырып: «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» Құндылық
0866 -> Сабақ жоспары Сыныбы: 4г Пәні: Еңбекке баулу
0866 -> Сабақ жоспары «Бизнес-ойын»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет