Оқулықпен жұмыс 27 Пайдаланылған әдебиеттер 31

бет1/3
Дата23.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#25066
түріОқулық
  1   2   3

Мазмұны

  1. Кіріспе -------------------------------------------------------------------------- 3

  1. Үстеу туралы түсінік------------------------------------------------------- 4

  1. Үстеудің құрамдық түрлері. ----------------------------------------------- 7

  1. Күрделі үстеулер--------------------------------------------------------------- 11

  1. Үстеудің мағыналық түрлері---------------------------------------------------15

  1. Өздік жұмысы-------------------------------------------------------------------- 26

  1. Оқулықпен жұмыс--------------------------------------------------------------- 27

  1. Пайдаланылған әдебиеттер ---------------------------------------------------- 31

Түсінік хат

Қазақ тілі пәнінен «Үстеу» тақырыбына арналған жұмыс дәптері.

Жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Үстеу » тақырыбы бойынша көмекші құрал ретінде ұсынылады.Сол мақсатта теорияны еске түсіре отырып, сабақта көбінесе тест, деңгейлік тапсырмалар , талдау жұмыстары жүргізіледі. Ұсынылып отырған дидактикалық құрал Ж.Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының» талаптарын басшылыққа ала отырып, жасалған.

Жұмыс дәптері оқушының деңгейіне негізделген. Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар оқушының тез ойлауын, есте сақтау қабілетін , ынтасы мен белсенділігін арттырады.Бұл жұмыс оқулықпен жұмыс жасауға , өз бетімен іздене білуге үйретеді.

Тақырыбы: Үстеу туралы түсінік

(ерекшеліктері,қолданылуы)

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

І. Төменде берілген сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойып, негізгі сөз таптары екенін және басқа да сөз таптарынан болатынын анықтаңыз.

1. Жүз (______) кісі(________) сұмға (__________)

Бір (қанша? сан.е.) кісі (_______) мыңға (_________)

Әлі_______ жетер _________заман_________ жоқ.

2. Үйге егеу (________) алу керек. Пышақ жүзін егеу керек (_________)

3. Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Әр сөзге толық морфологиялық талдау жаса

Үлгі: мақсат-ым (_______) з.е., -ым-тәу.ж. І

________________________________________________________________

ІІ кезең
1. Мына берілген тұлғалас сөздерге сұрақтар қою арқылы мағынасына қарай 1-бағанға етістікпен, 2-бағанға сын есіммен тіркескен сөздерді бөліп жаз.

Сөздер: Сандықша, қасықша, кітапша, адамша, балаша.

1-баған

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

2-баған

__________________________

__________________________

__________________________

__________________________

  1. Мына бағандағы тіркестерге назар аудар, салыстыр, ерекшеліктерін байқа.Тиісті сұрақ қой.

1-баған

Ықыласпен (______?)үйрен

Үйге (_______?) кеттік

Оқу үшін (_______?) келдім

2-баған

Тез (_______?) үйрен

Ілгері (________?)кеттік

Әдейі (_________?) келдім

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

1-бағандағы сөздер қай сөз табынан, қандай сұраққа жауап береді? Тұлғалық өзгерісін белгіле (жалғауын).

2-бағандағы сөздердің ерекшелігін байқа. Оларға алдағыдай жалғау жалғана ма?

________________________________________________________________

________________________________________________________________

  1. Кестедегі мысалдарға назар аудар

Іс-әрекеттің белгісін білдіретін үстеулер

Сын белгісін білдіретін үстеулер

Бүгін(_________?) келді

Әбден(________?) қысылды

Босқа (_________?) жүгірді

Төмен (________?) ұшты

Амалсыздан (________?) бардым

Аса биік

Мүлдем қызық

Орасан кең

Тіпті салқын

Бірталай жер

Сонымен, үстеулер ____________, _____________, ____________, _______, ____________, сұрақтарға жауап беріп, (қай сөз таптарымен)______________, ____________тіркеседі.

Сөйтіп, үстеу дегеніміз _______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Төмендегі берілген тіркеске назар аудар, келесінің басыңқы сыңарын өзің жаз, қай сөз табына тіркеседі, нені білдіреді?

Қазір қашан?

Бүгін келеді

Кешке

Бүрсігүні

Шалқасынан

Етпетінен

Ақырын

Оқыстан

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Мына үстеулермен тіркес құра. Сұрағын қой.

Лезде, жылдам, шапшаң, баяу.

Үлгі: лезде жеттік (_________?)

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

  1. Мына сөйлемдердегі "әлі" деген сөз қайсысында үстеу, қайсысында зат есім? Үстеуді қалай табуға болады?

Әлі (_____?) жетер заман жоқ. (А)

Әлі (______?) ол да өнерлі адам болар

Әлі (______?) талай барармыз

Үстеу істің, қимылдың қандай белгілерін білдіреді?

________________________________________________________________

________________________________________________________________

ІІ деңгей

1. Мына тірскестермен сөйлем құра

Қатар отырды, сонымен қатар. Кейін қайтады, мерекеден кейін қайтады.

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

ІІІ деңгей

Мына үстеулерді қатыстырып, шағын әңгіме жаз.

Мысалы: таңертең, күзде, кешкісін, ілгері, жоғары, төмен

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

________________________________________________________________

Есіңе сақта!

Үстеу дегеніміз - сын есімнің, етістіктің мағынасын дәлдеп, нақтылап көрсету үшін үстеме мағына беретін әрі қимылдық мезгілін, мекенін, мақсатын, мөлшерін, сынын, себебін білдіретін негізгі сөз табы.

Үстеулер өзгермейді, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейді.

Сөйлемде ғана үстеулерді басқа сөз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға болады.

Тест тапсырмалары

  1. Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап

А. Әрдайым дайын

В. Аса биік үй

С. Алдыңгүні айтты

Д. Ала жаздай ән салды

Е. Кейін қалды

  1. Қосарлану арқылы жасалып тұрған үстеуді белгіле

А. Келіп-кету

В. Бала-шаға

С. Он-он бес

Д. Жол-жөнекей

Е. Келсе-келер

  1. Сәл рең беріп тұрған үстеуді тап

А. Баяулау

В. Бұлбұлдайын

С. Сеніңше

Д. Қазақша

Е. Соншалық

  1. Үстеу қатысқан есімді тіркесті тап

А. Соншама ұзақ әңгіме

В. Оқу аяқталды

С. Өнім алынды

Д. Екі рет марапатталды

Е. Әдемі жазды

  1. Үстеу қай сөз таптарымен тіркесіп қолданылады?

А. Еліктеуіш сөзбен

В. Сан есіммен

С. Етістікпен, сын есіммен

Д. Одағаймен

Е. Есімдіктермен

Тақырыбы: Үстеулердің құрамдық түрлері.

Негізгі түбір үстеу, түынды түбір үстеулер

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

1. Төмендегі қалдырып кеткен үстеулерді орнына қой да, мақалды толық жаз.

1. (Қай уақытта?) тұрған жігіттің ырысы артық.

2. (Қай уақытта?) тұрған әйелдің бір ісі артық.(?)

(несін?)
3. Қатты жауған күн (қалай?) ашылады.(?)

Үстеулер қимылдың ____________________, ___________білдіреді

2. Қай бағанадағы тіркес үстеулерге жатады?

Қалай дәлелдеуге болады?

1. Жиналыстан кейін барамын 1. Кейін барамын

2. Сен үйден әрі кетпе. 2. Сен әрі отыр.

Жауабы________________________________________________________

________________________________________________________________

  1. Мына үстеулерге қарсы мәнді үстеулер тауып жаза да, тіркес құра. Қай сөз табымен тіркеседі екен жаз.

Үлгері- . Жоғары- . Бұрын- .

Мұнда- . Әрі- .

Үлгі: ілгері жүрді - қайда? (мекен) етістікке тіркеседі

_______________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ кезең

1. (Туынды сөз таптарының жасалуы саған мәлім) Мына үстеулерді құрамына қарай кестеге жаз.

Кеше, кешке, лек-легімен, ала жаздай, алдыңгүні, қыстай, ертең, қазақша.

Негізгі түбір үстеулер

Туынды түбір үстеулер

Күрделі үстеулер

Анықтамасын жаз.

Негізгі түбір үстеулер дегеніміз _____________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Туынды түбір үстеулер дегеніміз____________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Күрделі үстеулер дегеніміз ________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________
Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Туынды үстеулердің жасалу жолдары кестеде көрсетілген, назар аудар.

Жұрнақтар арқылы жасалатын

туынды үстеулер

Көнеленген формалар арқылы туған туынды үстеулер

  1. -ша, жаңаша, балаша, т.б

-ше ескіше, әлдекімше, т.б

  1. -лай, -лей, (-дай, -дей, -тай, -тей) осылай, екіншілей, жастай, күздей т.б.

  2. -дайын(дай-ын), -дейін(-тайын,

-тейін) түлкідейін, тотыдайын, т.б

  1. -шама, -шеме, -шалық осыншама, соншалық.

  2. -майынша, -мейінше, -бойынша,

-бейінше, -пайынша, -пейінше оқымайынша (түсінбейді) көрмейінше (сенбейді) .

  1. Барыс септігінің көнеленуінен

зорға, текке, бірге, кешке, ертеңіне, т.б.

  1. Жатыс септігінің көнеленуінен

алда, артта, түнде, қапыда, т.б.

  1. Шығыс септігінің көнеленуінен

жүресінен, қырынан, тосыннан, шалқасынан, т.б.

  1. Көмектес септігінің көнеленуінен

жайымен, кезекпен, түйдегімен, т.б.

Мына сөздерге қандай жұрнақтарды (жоғарыдағының қайсысын) қоссаң, жаңа мағына береді және жаңа тіркес жаса.

Мысалдар: тірі, пісі, жаз, зат, жібек.

Үлгі: тірідей-(қалай?) жеткізілді.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІІ кезең

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

  1. Төмендегі мәтіннен үстеулерді теріп алып, негізгі түбір, туынды түбір үстеулер түрлеріне қарай топтастырып жаз.

Тойға барсаң, бұрын бар,

Бұрын барсаң, орын бар. (Мақал)

Түрік халқы, тыңдаңдар!…

Біресе ілгері шаптың,

Біресе кері шаптың,

Барған жерден не пайда таптың?

  • Бәрінің киімі бірдейі несі. Күйеуше неге киінбеген?- десіп, жақындап кеп, амандаса бастады. Сұңқардайын сыланған, тотыдайын таранған. ("Қыз жібек"). Ішкері енуге тырысатын сияқты. (Қ.Н).

Негізгі түбір үстеулер: ____________________________________________

________________________________________________________________

Туынды түбір үстеулер: ___________________________________________

________________________________________________________________

2. Мына сөздерге -ша, -ше жұрнағын қос, жаңа тіркес жаса, қимылдың мезгілдік, сындық, мекендік белгілерінің қайсысын білдіріп тұр? Сұрақ қойып табуға болады.

Кісі, күшік, қасқыр, өзбек.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІ деңгей

  1. Тұлғалары бірдей сөздерге назар аудар. Қай сөйлемде үстеу болады? Мағынасына көңіл бөл.

  1. Бүгінгі күн жаздай екен. 2. Біз жаздай шөп шаптық.

Тіркескен сөзімен ал, сұрақ қой.

________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Мына сөздерге -ша, -ше жұрнағының тиістісін жалға, қандай сөз табы жасалады? Сөз тіркестіріп дәлелде.

Кітап, сандық, орыс, түлкі.

Үлгі: кітапша - не? Рең мағына беретін туынды зат есім; жұқа кітапша;

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Мына сөздерден туынды үстеу жаса.

тыс __________, жасыр_________, үстірт __________, алтын_________.
ІІІ деңгей
Кешке, түнде, кенеттен, тез, енді

Мына үстеулерді қатыстырып, "Қысқы көрініс" атты шағын әңгіме құр, оған өзің ат қой.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ЕСІҢЕ САҚТА!

  1. Үстеулер морфологиялық белгілеріне қарай екі топқа бөлінеді:

1) негізгі түбір үстеулер, 2) туынды түбір үстеулер.

  1. Негізгі үстеулер морфемаға (қосымшасыз) бөлшектеуге келмейтін, белгілі бір формада қалыптасқан үстеулер жатады. Әбден, тым, әуелі, т.б.

  2. Туынды үстеулер жұрнақ арқылы жасалған және кейбір септіктердің көнеленуінен туған үстеулер жатады.

(7-8 жұрнақ арқылы және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрған көнеленген формадағы үстеулер)

Үстеулерді бірдей тұлғалас сөз таптарынан ажырата біл: үстеулер етістікпен тіркеседі, істің сынын, мезгілін, себебін, мақсатын, мекенін білдіреді.

Тест тапсырмалары

  1. Туынды үстеуді тап.

  1. Күз, ақыл.

  2. Кел, көр

  3. Бармайынша, сенбейінше.

  4. Ертең, бүгін.

  5. Мен, ол

  1. Туынды үстеуді тап.

  1. Көрген, білген.

  2. Балалар, құстар.

  3. Сақ, ұқыпты.

  4. Арыстанша, құсша.

  5. Біз, сіз.

  1. Туынды үстеуді тап.

  1. Ақылды, ұқыпты.

  2. Жорғадайын, сұңқардайын.

  3. Тосыннан, кеңінен.

  4. Асық, әңгіме.

  5. Атта, кешік.

  1. Туынды үстеуді тап.

  1. Осылай, шикілей.

  2. Ақырын, ертте.

  3. Жоғары, төмен.

  4. Биыл, ертең.

  5. Әрең, енді.

  1. Туынды үстеуді тап.

  1. Қалай, қашан.

  2. Жібек, көңіл.

  3. Қайтпады, қалмады.

  4. Кеше, таңсәріде.

  5. Соншама, осыншама.

Тақырыбы: Күрделі үстеулер, оның жасалуы мен емлесі

І кезең

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Үстеулерді тіркескен етістіктермен теріп ал, қалай жасалып тұрғанын жаз.

  1. Алыста отырса да, Абайша сұғын қадап, бағып отырған Оразбай бар. (М.Ә). 2) Жібектейін жеңгемнен бір жауап әкеп бер, аға. ("Қыз Жібек"). 3) Мұншалық дінің қатты болар ма? (Қ.Н).

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. -ша жұрнағы қосылған сөздерге назар аудар, сұрағын қой, қай сөз табы екенін жанына белгіле. Ал үстеулерін етістігімен теріп алып, астына бөлек жаз.

Әке-ау, қайттым қаладан,

Асынғаным - тапанша,

Оқ жатары алты ұя.

Тапанша - мылтық тапалша.

Сүмбесі мынау сойылша,

Басары мынау бақанша…

Милиция болам мен-дағы

Жарқынбай мен Жақанша,

Үкімет ісін орындап,

Шапқылаймын шақарша. (І. Жансүгіров)

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ІІ кезең

  1. Мына үстеулерді жасалуына қарай топтастыр.

Баяғыдан, шалқасынан, көзімше, таңертең, бірталай, жаздыгүні, анда-санда, күні-түні, ала жаздай, қаннен қаперсіз, ит өлген жерде.

Қосымша арқылы жасалған жалаң туынды үстеу:___________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі үстеулер:________________

________________________________________________________________________________________________________________________________

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі үстеулер:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сөздерде тіркесіп жасалған не тіркесіп тұрақтанған үстеулер:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Мына сөздерден қайталау арқылы үстеу жаса.

әрең - _______; зорға - ________, бірте - _________, сөйлей - ________.

Жаңа сабақты бекіту жұмысы

  1. Екінші сыңарын өзің жаз.

Аунап - _________, жата - ___________, жол - _________, одан - ________.

Күрделі үстеулер дегеніміз:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Күрделі үстеулерді тауып, олардың қандай тәсіл (бірігу, т.б) арқылы жасалғанын жаз.

Анда-санда салмақпен иттер даусы келеді. Дәл қазір екі абысынды оңаша қалдырып, ендігі тың сөзді емін-еркін сөйлестіруге де сырттан үйшік құрып жүрген Әзімбайдың өзі. (М.Ә). Балалар ертеден қара кешке дейін далада ойнайды.

  1. Мына үстеулермен сөйлем құр.

Кеше кешке, апақ-сапақта, жазғытұрым.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
4. Фразеологиялық сөздікті пайдаланып, төмендегі тұрақты тіркестердің қай сөзге балама екенін жаз.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет