Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет9/41
Дата08.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#117722
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Глава 1новый

Ғылым философиясы тұрғысынан білім берудің мақсаттарының және оның субъектілерінің дамуына көзқарас. Білім беру бүкіл әлемде базалық жалпы мәдени құндылықтар ретінде қарастырылады. Демек, білім берудің мәдени-шығармашылық миссиясы «мәдениетті адамды» қалыптастыруды қамтамасыз етеді деп айтуға болады. Қазіргі білім беру әлемдік дағдарыстан шығу үдерісінің ең белсенді қатысушысы екен. Осыдан білім берудің ең басты міндетін анықтап көрейік: әрбір адамның генетикалық негіздегі қабілеттерін дамытуды барынша қамтамасыз ету, адамдарда сыни ойлауды дамыту, оларды қазіргі ғылым, техника, технологиядағы нақты білімдермен қаруландыру, өзгермелі табиғи жағдайда осы білімдерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру. Осы заманғы білім берудің мақсаттары: оқушыға танымға, үйренуге, жұмыс жасауға үйренуге, өзімен өзі келісімді болуға үйренуге көмектесу.
Білім берудің мақсаттарын нақтылап, құрамдас бөліктерін ашып көрсетейік: оқушыға қоршаған дүниені тануға үйренуге көмектесу қажет. Оқушыны таным үдерісіне үйренуге көмектесу білім беру ұйымдарының міндеттерінің жүйесінде көптен қойылып жүр. Бірақ мектептерде оқушылардың жалпы оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың тұтас жүйесі әлі күнге дейін толық іске асқан жоқ. Білім берудің бірінші мақсатын орындау үшін оқушылардың зерттеу әрекетіне және зерттеу біліктіліктерін меңгеруге қызығушылығын дамытуға жағдай жасалуы қажет. Айталық, білім алуға үйрену үшін оның зияткерлік мәдениетін, ақпараттық мәдениетін, өзін-өзі ұйымдастыру мәдениетін, зерттеу мәдениетін дамыту қажет. Бұл мәдениет түрлері оқушыға өмір бойы оқып үйренуге мүмкіндік тудырады. Сонымен, «өмір бойы білім алу» шындық болмысқа айналады.
Білім берудің екінші мақсаты – оқушыға жұмыс жасауға үйренуге көмектесу. Ең әуелі, білімдерін практикада пайдалануды үйрету қажет. Бұл үшін оқушыларда жүйелі сыни ойлауды дамытуына әсер еткен жөн. Еңбек етуге үйрену өзінің кәсіби әрекет саласында өзін жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Ең алдымен, білімдерін практикада қолдануға және теориялық мәселелерді шешуге үйрену керек. Бұл оқушыда жүйелі ойлауды қалыптастырған жөн. Сондай-ақ, өзі таңдаған салада кәсіби маман болуы керек. Оқушыларда көшбасшылық сапаны тәрбиелеу қажеттігі де туындайды. Көшбасшы – нақты саланың мәселелерін талдауға, сыни ойлауға, өзінің айналасындағы мәселені шешу үшін адамдарды топтастыруға қабілетті маман. Сонымен, көшбасшыны тәрбиелеу – білім беру мақсаттарының бірі.
Білім берудің келесі мақсаты – оқушыны адамдармен бірге өмір сүруге үйренуге көмектесу. Адамдармен өмір сүру үшін басқаны қабылдау мен түсінуге, оған құндылық ретінде қарауға, топта, сыныпта, отбасында, әлеуметте, әлемде өмір сүру дағдыларын меңгеруге үйренеді. Осыған байланысты балалардың әлемдегі өзара бағыныштылықты түсіну сезімін ояту және қолдау, оларды қарым-қатынаста кикілжіңнің алдынь алуға үйрету аса маңызды болып табылады. Коммуникацияда ең негізгісі – басқа адамды құндылық ретінде сезіну. Басқаны қабылдау, түсіну, оған көмектесу сияқты адами сапалар коммуникативті мәдениетке тән.
Білім берудің тағы бір мақсаты – өзімен өзі татулық сезімде болуға үйрету. Әрбір жаңа ұрпақты мәдениетке баулу қызметін білім беру атқарады. Білім беру адамзат жинақтаған әлеуметтік тұрғыдан мәнді білімдер мен тәжірибені кең ауқымда таратуға, мәдени-тарихи сабақтастықты сақтауға мүмкіндік жасайды. Білім берудің тиімділігіне адамдардың мәдениетке ену үдерісі бағынышты. Педагогика ғылыми пән ретінде уақыттың талаптарына жауап беретін білім беру үдерісін зерттей отырып, білім беру нәтижелерін болжамдауды жүзеге асырады. Бұл күрделі міндеттерді шешу үшін педагогиканың қисынды ғылыми аппараты, ғылыми әдістері, дамыған әдіснамасы болуы қажет. Оның ғылыми білімі пәндік, қайталанушылық, объективтік, эмпирикалық және теориялық тұрғыдан негізделгендіктен, логикалық дәлелділік сияқты сапаларға ие болып отыр.
Бүгінгі күні адамтануда адамның адамзаттың тарихты меңгерген ақыл-парасатын, мәдениет әлемін құруға қабілетін, өмір тәжірибесін мұра етуге қабілетін атап көрсетуде.
Ғалымдар адамның биологиялық табиғаты көп өзгеріске ұшырамағанын алға тартады. Әрине қазіргі адам мен оның ерте замандағы ата-бабалары арасында үлкен айырмашылық-арақашықтық бар. Бұл өзгеріске мәдени даму әсер еткен. Мәдениет – әрқашан тарихи категория. Адамның мәдени даму салдары оны үш өлшемде өткенге, қазір және болашақта - өмір сүруге итермелейді. Адамның жеке өмірінде өткеннің мәдени тәжірибесін, оның қазіргі уақытта толықтырылуын және болашақта өрлеуін қайта қарастыруды талап етеді. Мәдени әлемді жасаушы адам – өзін де жасаушы. Адамның ерекше табиғаты және оның әлеуметтілігі күрделі түрде шиеленісіп қиылысқан. Тәжірибені тапсыру үшін арнайы әлеуметтік аппарат қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет