Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады


Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үрдісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс - жүйенің күй жайының ауысуы



бет8/41
Дата08.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#117722
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
Глава 1новый

Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үрдісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс - жүйенің күй жайының ауысуы, демек, білім беру үдерісі - әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан, педагогикалық (білімдік) әрекет және педагогикалық үдеріс - екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үдеріс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, педагогикалық әрекеттің бөліктері талдауға болады. Енді бір маңызды ұғым «педагогикалық өзара әрекеттестік», практикалық педагогикалық әрекеттің мәнді белгісі – оның екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық етумен байланыстының бәрін сипаттайды. Ең соңында педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады: психология («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «еске сақтау», «іскерліктер», «дағдылар»), кибернетика («кері байланыс», «динамикалық жүйе»).
Математика, физика немесе логика сияқты ғылымдардан өзгеше педагогика негізінен жалпы қолданыстағы сөздерді пайдаланады. Бірақ сөздер ғылыми айналымға түскен соң, табиғи тіл сөздері ғылыми терминнің өзіндік қасиетіне – осы саланың ғалымдары бірдей ұғынатын бір мағыналық қасиет алады. Сөз ғылыми терминге айналғанға, ол үлкен ғылыми еңбектің көрінісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет