Оқулықтарды ғылыми-педагогикалық сараптау сараптамалық шешім



бет22/22
Дата01.08.2020
өлшемі63,5 Kb.
#75981
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
джт 11 сынып гум багыт 2 болим

Сараптамалық шешім: Дүние жүзі тарихы, Қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 11 сынып, 1-бөлім Н.В. Максименко, Е.А. Мясников, Ш.А. Ілиясов, Алматы «Атамұра» 2020, Оқулықтың орташа қорытынды балы 2,6, оқу басылымы өңдеуді қажет етеді. Оқулықтың әрбір тарауынан кейін қорытынды материалдары жоқ. Пайдаланылған оқу ақпараттарына сілтемелер жоқ, тек кітаптың соныңда тізімі берілген. Глоссарий тек әрбір параграфтан кейін, кітаптың соныңда жоқ. Жеке орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар жүйесінің, оқу процесіне қатысушылардың өзара коммуникацияға түсуіне арналған тапсырмалар бар, топпен орындауға тапсырмалар жоқ. Оқушылардың ақпарат көздерімен (кестелермен, карталармен, схемалармен, фотосуреттермен, графикалармен, диаграммалармен, т.б.) жұмыс істей алу дағдыларын дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар мен жаттығулар бар, бірақ 123, 149 беттегі суреттердегі сөздерді қазақшаға аудару керек. Электрондық ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жоқ. Оқулықта қате жазылған және қате басылған сөз бар, 164 беттегі жекеше меншік сөзін, жекеменшік сөзіне ауыстыру керек. Қолданылған көрнекі иллюстративтік оқу материалдары алуан-түрлі және тақырыпқа байланысты (кестелер, схемалар, карталар, сызбалар, суреттер, фотосуреттер, т.б.) 31, 91, 44 беттегі суреттерді анық қылдыру керек. Электрондық қосымша жоқ. Оқулықта қолданылған қаріптероқуға ыңғайлы: сапалы, көлемді. Параграф сонынан кейінге тапсырмалар мен тесттерді, параграфтағы шрифтпен бірдей жасау керек. Ақпараттық-коммуникативтік, технологиялық құзіреттіліктерді, электрондық, ақпараттық ресурстармен жұмыс істей алу қабілеттерін дамытатын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі бар. Математикалық терминдерді, анықтамаларды түсінуді бағалауға лайықталған тапсырмалар жоқ. Есептерді математикалық жолмен ұтымды түрде шешудің әдістерін, тәсілін таңдауды бағалауға, математикалық ақпаратты іздеуге, дәлелдеуге және келтіруге, модельдеуге лайықталған тапсырмалар жоқ. Ойлау деңгейі – математикалық тәсілдер арқылы шешуге лайықталған стандартты емес тапсырмалар жоқ. Оқулықта тест тапсырмаларына шартты белгі қойылған, бірақ тест тапсырмаларынан кейінгі эссе, кестелерге шартты белгі қойылмаған.

Сарапшылар:
Мейрамбеков Аслан Қуанышұлы,

Гуманитарлық ғылымдар

Магистрі, Жамбыл атындағы

Мамандандырылған мектеп-



интернат

лауазымы, ғылыми дәрежесі,атағы, жұмыс орны

қолы

аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет