Байланысты: Тригонометриялық функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері. Тригонометриялық функциялардың графиктерін түрлендірулер көмегімен салу салу;
«Функция», «аргумент» ұғымдарын біледі.Функцияның графигін және оның қасиетін біледі. Геометрия курсынан сүйір бұрыштың тригонометриялық функцияларының анықтамаларын біледі.
«Тригонометрия» сөзі алғаш рет 1505 жылы неміс математигі Питикустың кітабының мазмұнында кездеседі. «Тригонометрия» ғылыми термин ретінде адамның практикалық әрекетінің нәтижесінде пайда болды.
Мысалы, олардың көмегімен қол жетпейтін заттарға дейінгі қашықтықты анықтау және географиялық карталарды құрастыруға арналған жергілікті жердің геодезиялық көшірмесін жасау жұмыстары бірқатар оңайлатылды.
«Тригонометрия» сөзін грек тілінен аударғанда «тригон – үшбұрыш», ал «метрео – өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Басқаша айтқанда, тригонометрия – үшбұрыштарды өлшеу жөніндегі ғылым.
«Синустың, косинустың және тангенстың шығу тарихы»
«Синус» латынның «sinus – иілу, қисықтық» деген мағынаны білдіреді.
«Косинус» сөзі – латынның «complementy sinus», яғни «толықтауыш синус» деген сөз тіркесінің қысқартылған түрі.
«Тангенсті» Х ғасырда араб математигі Абу – л – Вафо енгізген. «Тангенс» латынның «tanger – жанасу» деген сөзінен шыққан.
Синус — қарама-қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
Косинус — жанама катеттің гипотенузаға қатынасы.
Тангенс — қарама-қарсы жатқан катеттің жанама катетке қатынасы.
Котангенс — жанама катеттің қарама-қарсы жатқан катетке қатынасы
1.у=sinx синусоида қысығы
Функцияның анықталу облысы х€R.
Мәндер жиыны [-1;1] шектелген
sin(x+2π)=sinx, функция периодты, себебі оның ең кіші периоды 2π.
Функция тақ , sin(-x)=-sinx
4.sin x=0 , x = πk, kЄ Z
sin x>0, x Є [-π/2+2πk; π/2+2πk] кесінділерінде бір сарынды өспелі
sin x<0, x Є[π/2+2πk; 3π/2+2πk] кесінділерінде бір сарынды кемімелі