Оқушыға бағытталған : Оқу мақсаттары


«Kundelik.kz» сайтындағы презентациялық материал



бет12/49
Дата31.01.2022
өлшемі11,65 Mb.
#116698
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
хим каз-11 ЕМН (2)

«Kundelik.kz» сайтындағы презентациялық материал


Оқулық беттері: Оқулықтан теориялық материалды оқыңыз §3 11-16 бет.

  1. Мына айналуларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін

жазыңдар және алынған заттарды атаңдар. С2Н→С2Н4→С2Н2→С6Н6→СО2

  1. 13.44 г ацетиленнен 12 г бензол алынды.Бензол шығымын теориялық мүмкін болатын шығыммен салыстыр

Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес).

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.



Химия пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: №7

Сабақтың тақырыбы: Толуолдың химиялық қасиеттері.

Мақсаты (оқушыға бағытталған):

Оқу мақсаттары: 11.4.2.18 толуол молекуласындағы атомдардың өзара әсерлесуін түсіндіру.

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

  • Толуолдың химиялық қасиеттерін түсіндіреді.

Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.

1. Толуолдың химиялық қасиеттері туралы видeоны көріңіздер https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender

Бензолдың гомологтары орынбасу реакцияларына бензолға қарағанда оңай түседі. Мысалы, метилбензол (толуол) орынбасу реакциясына бензолдан гөрі жеңіл түсіп, 2-, 4-, 6- жағдайдағы сутек атомдары оңай алмасады. Мұны метил радикалының бензол сақинасына әсерімен түсіндіруге болады. Қосылыс құрамындағы метил тобының байланыс электрондарын өзінен итеретінін білеміз (Марковников ережесін еске түсірейік). Метил тобының электрон тығыздығы бензол сақинасына қарай ығысуы нәтижесінде бензол сақинасындағы электрон тығыздығының біркелкі бөлінуі бұзылып, 2-, 4-, 6-орындарында электрон тығыздықтары өседі де, сутек атомдары орынбасу реакцияларына оңай түседі. Мысалы, толуолдың азот қышқылымен әрекеттесу реакциясы нәтижесінде 2,4,6-тринитротолуол түзіледі:



2-, 4-, 6-тринитротолуолды тротил, тол, ТНТ деп те атайды.

Тотығуы. бензолдың гомологтары (туындылары) біркелкі оңай тотығады. Мысалы, метилбензолга С6Н5СН3 калий перманганаты ерітіндісін құйып қыздырса, ерітінді түссізденеді. Толуолдың метил тобы карбоксил тобына (—СООН) айналып, бензол қышқылы түзіледі.

Метан және басқа алкандар тотықтырғыштардың әсеріне тұрақты екенін білесіңдер. Толуол С6Н5СН3 молекуласындағы бір сутек атомы фенил радикалға (С6Н5—) алмасқан метанның туындысы. Толуол молекуласындағы метил тобы бензол сақинасының әсерінен оңай тотығады. Бензол сақинасының әсерінен метил СН3 — тобындағы электрон тығыздығының бөлінуі (СН4-пен салыстырғанда) бұзылады, бензол сақинасына әсер етіп коймай, сонымен қатар бензол сақинасы да метил тобына әсер ететіндігін көреміз. Ал метил тобының бензол сақинасына әсерін толуолдың нитрлену реакциясы бензолға қарағанда біркелкі оңай жүретіндігі мысалында қарастырғанбыз. Яғни, молекуладағы атом топтары бір-біріне өзара әсер етеді.



Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме (видеоүзінді, құжат, мәтін және т.б. нақты сілтеме беру).

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/arender




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет