Оқушыға бағытталған : Оқу мақсаттары


I тоқсан Сабақтың нөмірі: №26



бет41/49
Дата31.01.2022
өлшемі11,65 Mb.
#116698
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49
Байланысты:
хим каз-11 ЕМН (2)

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: №26

Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер және сабын.



Мақсаты (оқушыға бағытталған):

Оқу мақсаттары 11.4.2.10 карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, сабын, синтетикалық жуғыш заттар және биодизельді отындардың қолданылу аймағын атау

Сабақтың мақсаты - Білім алушылар:

Күрделі эфирлер және сабын жайлы біледі.



Қысқаша тезисті конспект (мәтін, сызба, кесте және т.б. түрінде).

Жаңа сабақты түсіну үшін мына видеоны көреміз.



Күрделі эфирлер және сабын.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/kurdeli-ehfirler

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/11-synyp/sabyn-zhane-sintetikalyq-zhuhysh-zattar

Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады. Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады:

R мен R' — бірдей немесе әр түрлі көмірсутек радикалдары.
Күрделі эфирлер кіші және үлкен молекулалы, қаныққан, қанықпаған, ароматты қышқылдар мен спирттерден түзілуі мүмкін. Күрделі эфирлерді спирттер мен бейорганикалық қышқылдарды әрекеттестіріп те алады. Күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады. Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, -оат жалғауын жалғап атайды:

H - COOC2H5 - құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат немесе метилметаноат)

CH3 - COOC2H5 сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат немесе этилэтаноат)

Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады.

Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С15Н31СООН және стеарин С17Н35СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады. Калий тұздары суда натрий тұздарына қарағанда жақсы ериді, ал магний, кальций, барий тұздары суда ерімейді. Сұйық сабынның құрамына калий, қатты сабынның құрамына натрий катиондары кіреді. Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOHR—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының эфирлері болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақарконифольнафтен, т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет